-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Талдау нәтижелері талқыланды

    25.12.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Талдау нәтижелері талқыланды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

        Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің төраға­лығымен сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комис­сия­ның отырысы өтті.

    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық басқармасының бас­шысы Қуаныш Бақытұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агент­тігінің облыстық депар­таменті анық­таған сыбайлас жемқор­лық тәуекел­дерін жою бойынша қабыл­данған шаралар туралы баяндады.
    Баяндамашының айтуынша, басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анық­талған құқықбұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдай­ларды жою жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспар шеңберінде 9 ұсыныс көзделіп, 4-еуі орындалған. Жыл басынан бері басқарма 70 мемлекеттік қызмет көрсеткен. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдауға сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық департа­менті сыбайлас жемқорлық құқық­бұзушылықтарын анықтамаған.
    Келесі кезекте сөз алған жолау­шылар көлігі және автомобиль жол­дары басқармасының басшысы Ермек Баймұхамедов басқарма тарапынан жұмысты бағалау үшін жаңа көрсет­кіштер әзірлеу жоспарланып жатқанын хабардар етті.
    – Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қысқа мерзімде сыбайлас жемқор­лық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқықбұзу­шылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша көрсетілген барлық дерекке мониторинг жүргізілді. Басқарма сот шешімдерін міндетті түрде сақтау жөнінде шаралар қабылдауы және сот актісін орындау үшін «DSY-13» ЖШС-мен Қарасай ауданы Ақын Сара көшесі жолының жобасы бойынша құрылыстың 1-кезегіне шарт жасасу мүмкіндігін қарауы қажет. Сондай-ақ мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу және қосалқы мердігерлік ұйымдарды тарту кезінде тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеу және енгізу мәселесін қарастыру керек. Қажеттілік бойынша мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу және қосалқы мердігерлік ұйымдарды тарту кезінде тәуекелдерді басқару жүйесіне әзірлеулер мен енгізулер жүргізіледі. Жүйе келісімшарттық міндеттемелерді орындауға байланыс­ты тәуекелдерді бағалау және азайту тетіктерін, жұмысты орындаудың барлық кезеңінде ашықтық пен бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтитын болады. Келісім­шарт талаптарын бұзу негізінде 3 пайыз мөлшерінде артық төленген сметалық пайданы қайтару туралы мердігерлерге қарсы талап-арызды дайындау және сотқа беру жөнінде шаралар қабылдау мүмкіндігін қарауы қажет. Айтылғандарды ескере келе, басқарма баға белгілеу бойынша сметалық пайданы негізсіз асыра бағалауға байланысты артық төленген 3 пайызды қайтару туралы сотқа талап қоюды орынсыз деп санайды. Басқарма қызметкерлерін қосымша келісімдерге қол қойылғанға дейін шарттарға және сметалық құжаттамаға өзгерістер енгізу қажеттілігіне алдын ала тексеру жүргізуге міндеттейтін ішкі нұсқаулықтар әзірленеді және бекітіледі. Алдын ала сараптамасыз өзгерістерге қол қоюдың алдын алу үшін заң бөлімі мен сарапшылар тарапынан бақылау да процеске енгізіледі, – деген басқарма басшысы бұл мәселе Қаржы министрлігіне осы нормативті енгізу, әрі қарай қарау үшін бір сарапшы сүйемелдейтін нысандар санын шектеу туралы ұсыныс әзірленіп, жіберілетінін айтты. Сөзінің соңында аталған мәселелер бойынша тұрақты жұмыс атқарылып, ақпарат уақытылы тиісті мекемелерге ұсынылып жатқанын тілге тиек етті.
    Жиынды қорытындылаған Марат Елеусізұлы жемқорлық көрсеткіші бойынша әр басшының жеке жауап беретінін қаперге салды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Онлайн ойын  опындырып жүрмесін

    Онлайн ойын опындырып жүрмесін

    8 months ago
    Ұстаздар есімі ұмытылмайды

    Ұстаздар есімі ұмытылмайды

    8 months ago
    Маңызды жоба

    Маңызды жоба

    8 months ago
    «Ділмәрлар» түсті сайысқа

    «Ділмәрлар» түсті сайысқа

    1 year ago
    Вейпке тыйым салынады

    Вейпке тыйым салынады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.