-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Талғар ауданында 250-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда

    17.12.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Талғар ауданында 250-ден астам пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Бүгін Талғанда республикалық бюджеттен бөлінген қаржының арқасында 50 отбасы жаңа пәтерлерге ие болып, баспана қуанышына бөленді. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және Талғар ауданы құрылыс бөлімімен бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылды.

    Жаңа қоныстанушылар арасында 10 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар, оларға жайлы жағдайда дербес өмір бастау мүмкіндігі берілді. Тағы 10 пәтер көпбалалы отбасыларға, соның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа», «Ана даңқы» I және II дәрежелі ордендерімен марапатталған немесе «Батыр Ана» атағын алған аналарға берілді. Қалған 30 пәтер басқа да тұрғындарға, өз баспанасын алуға қиындық көріп жүрген адамдарға таратылады.

    «Бүгін біз үшін ерекше күн. Біз тек пәтердің кілтін алып қана қоймай, жаңа өмір бастау мүмкіндігін иелендік. Бұл қолдау — қиын жағдайға тап болған адамдар үшін шынайы көмек. Біз өзіміздің жаңа үйімізде бақытты болып, болашаққа сеніммен қарайтынымызға қуаныштымыз. Бұл бағдарлама тек бізге ғана емес, басқа да көмекке мұқтаж отбасыларға да қолдау көрсетеді деп сенеміз. Бұл — біз үшін жаңа өмірге қадам жасау!» – деп атап өтті көпбалалы ана, жаңа баспанаға ие болған Майра Баймұрзаева.

    Бұл бастама тек тұрғын үй мәселесін шешіп қана қоймай, ауданның әлеуметтік тұрақтылығы мен әділеттілігін нығайтуға ықпал етеді. Әр пәтер — тек баспана емес, әр отбасының жарқын болашаққа деген үміті. 2024 жылдың соңына дейін әлеуметтік осал топтар қатарындағы кезекте тұрғандарға арналып тағы 47 пәтер сатып алу жоспарланған.

    «Әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтар үшін тұрғын үй мәселесін шешу — біздің басты міндетіміз. Бүгін 50 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алып, болашаққа сеніммен қарайтын болды. Бұл — Талғар ауданы тұрғындарының жайлы әрі әділетті өмір сүруі жолындағы тағы бір қадам. Сонымен қатар, алдағы алты айда Талғар ауданында 450-ден астам пәтер пайдалануға беріледі», – деп атап өтті Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков.

    Ұсынымдар

    Бес ұрпақ – бір таңдау

    Бес ұрпақ – бір таңдау

    8 months ago
    БАҚ өкілдерін марапаттаған Президент журналистердің міндеті туралы да айтты

    БАҚ өкілдерін марапаттаған Президент журналистердің міндеті туралы да айтты

    2 years ago
    Маңызы зор форум

    Маңызы зор форум

    3 months ago
    Ұйым жұмысы жанданып келеді

    Ұйым жұмысы жанданып келеді

    5 months ago
    Қазақстанда ерлерден әйелдер көбірек – Халық санағы

    Қазақстанда ерлерден әйелдер көбірек – Халық санағы

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>