-13 °c
Qonaev
Friday, August 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарих сақшылары

    20.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Өңір тынысы, Тарих
    Тарих сақшылары
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

             22 желтоқсан – Архившілер күні ретінде арнайы белгіленгелі бері құжаттама қорында қызмет істейтін жандардың мерейі еселеніп, құрметке бөленіп келеді. Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан рухани шара биыл да Қонаев қаласының Мәдениет үйінде бастау алып, архив қызметкерлері ардақталды.

    Тарихты түгендейтін ерекше сала уақыт өткен сайын өзгеше серпін алып, материалдық-техникалық базасы жаңғыртылып, қызметкерлердің жұмысын бағалау жайы да бір ізге түскен. Өңіріміздің түкпір-түкпіріндегі құнды құжат сақтаушылар жиналған салтанатты кешті облыстық  мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы ұйымдастырды. Шараға архив саласының мамандары, тарихшылар мен зерттеушілер қатысты. Кеш шымылдығын ашқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Данияр Әлиев

    архив шаң басқан құжаттардың жинағы емес, ең алдымен тарихтың негізі екенін алға тартты. Сондай-ақ сала қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбектерін еледі.

    – Кәсіби мереке мамандардың мерейін өсіре түсті. Архив – мемлекеттің кешегі мен бүгінгі тарихының сақтаушысы. Өшкеніңді жандыратын, ұмытқаныңды жадыңда жаңғыртып, тарихтағы әр кезеңнен сыр шертетін киелі орын, – деп өзекті салаға өмірін арнаған жандарды сый-құрметке бөледі. Қажырлы қызмет атқарған мамандарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Алматы облысы әкімінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар «Үздік архив филиалы», «Архив қызметінің үздігі», «Үздік қойма меңгерушісі» сынды номинациялар бойынша дара шыққандарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табыс етті. Балқаш ауданында архив филиалының құрылғанына – 35 жыл, Қарасай филиалының  құрылғанына – 10 жыл толуына орай аталмыш өңірдегі сала мамандарына  арнайы құрмет көрсетілді.

    Келесі болып сахна төріне көтерілген Алматы облысы бойынша салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы Сәуле Ахмадиева архившілерге республикалық кәсіподақтың атынан төсбелгілер тағып, шипажайға жолдама берді. Салтанатты шара соңы мерекелік концертке ұласты.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Декларация қалай қабылданды?

    Декларация қалай қабылданды?

    10 months ago
    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне дайындық жұмыстары жалғасуда

    «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне дайындық жұмыстары жалғасуда

    3 months ago
    Шаруаларға шынайы көмек

    Шаруаларға шынайы көмек

    7 months ago
    Қонаевта қант зауытын салу жайы талқыланды

    Қонаевта қант зауытын салу жайы талқыланды

    4 months ago
    Жаслан Мәдиев: Алатау қаласы – «ақылды қала»

    Жаслан Мәдиев: Алатау қаласы – «ақылды қала»

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>