-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тіл мүддесі – ел мүддесі

    07.12.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ – МЕНІҢ ТІЛІМ!
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

            «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Ұйғыр аудандық филиалында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша республикалық диагностикалық тестілеу шарасы өтті. Ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты – мемлекеттік тілді салаға барынша кеңінен енгізу, іс-қағаздарды қазақша сауатты жүргізу, сол арқылы тілдің мәртебесін көтеру.

    Аталған іс-шараға 100-ден астам өңір қызметкері атсалысты. Осы орайда ауданымыздың мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлерінің ерікті түрде тест тапсыруы қуантты. Атап айтқанда, ауылдық округ әкімдіктері, аудандық Мәдениет үйі, әл-Фараби атындағы кітапхана, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Ұйғыр аудандық ауруханасы, №5 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұжымы мемлекеттік тілге бейжай қарамайтындарын көрсетті. Мұндай тестілеу бір реттік шара емес. Араға көп уақыт салмай, ауқымды форматта тағы да өткізілді. Тестілеу нәтижесінде мемлекеттік тіл деңгейі пайыздық жүйемен анықталды. 2024 жылы мемлекеттік тіл деңгейін анықтау бойынша республикалық диагностикалық «ҚАЗТЕСТ» нәтижесі қатысушылар арасында 65,7 пайызды құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,7 пайызға артып отыр.
    «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Ұйғыр аудандық филиалында мемлекеттік тіл, іс жүргізу, ағылшын тілі курстары 100 сағаттық бағдарламаға негізделіп оқытылуда. 2024 жылы курсқа 171 мемлекеттік, 71 бюджеттік сала қызметкері, 31 жеке тұлға, жыл бойына 273 тыңдаушы білімдерін шыңдады.
    Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді,
    Қай кезде де туған тілің, туған анаң секілді.
    Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,
    Олар елін, тілін қорғап, жанын қиған бұл жерде, – деп ақын Мұхтар Шаханов жырлағандай, ана тілімізді қадірлеп, өскелең ұрпаққа кеңінен жеткізуіміз керек. Бұл – біздің басты міндетіміз. Қазақ тілінің құдіретін сөзбен жеткізу мүмкін емес.
    Тіл болашағының жарқын болуы саналы да қуатты жастардың қолында! Себебі, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де саналы ұрпақпен кеңеймек. Ендеше, татулық пен тұрақтылықтың негізіндей болған туған тіліміз тұғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы үшін баршамыз тіл мерейінің жоғарылауы үшін еңбектенуге тиіспіз.
    Әйгерім АРЫМБЕК,
    Алматы облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы
    Ұйғыр аудандық филиалының меңгерушісі

    Ұсынымдар

    Туым – темірқазығым

    Туым – темірқазығым

    2 days ago
    Жаңарған кәсіпорын

    Жаңарған кәсіпорын

    4 months ago
    ️Ұстаздар АЭС-ті қолдайды

    АЭС құрылысының артықшылықтары түсіндірілді

    8 months ago
    Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

    Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады

    1 year ago
    Жаңбырлы күн

    Жаңбырлы күн

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>