Мемелекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Ана тілі» газетіне берген «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты көлемді сұхбатын оқыдым. Онда Қасым-Жомарт Кемелұлы жұрт көкейінде жүрген көптеген сұрақтарға нақты жауап біріпті. Аталған сұхбатта ел Президенті өткен жылғы елдегі өң өзгерістер, қоғамдағы өзекті мәселелер экономикалық әлеуеті және қазіргі геосаясат ахуалы жайлы кеңінен ой толғапты. «Күрделі сәттерде қоғамдағы қордаланған келеңсіздіктердің беті ашылатынын өмірдің өзі көрсетіп отыр. Бірақ әр қиындықтың қайыры бар. Сондықтан дағдарыс кезінде байбалам салмай, байыпты болған жөн. Біз өзекті мәселелерге қатысты дұрыс шешім қабылдап, істің көзін таба білуіміз қажет», – Қасым-Жомарт Кемелұлы. Мен Мемелекет басшысының сұхбатыннан жаспаз ел үшін жарасымды қоғамның маңызды екенін сезіндім. Өйткені тұтастық ғана біздің тұғырымзды биіктетеді.
Тілеулес Ұзақов,
Еңбекшіқазақ аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы