-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Адал қызмет ету – ­ абырой

    25.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет
    Адал қызмет ету – ­ абырой
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Сыбайлас жемқорлық. Осы бір аты да, заты да оғаш ұғым ойға оралғанда бойды суық сезім билеп, көңіл көкжиегі кірбең тартатыны, сананың сазға батқандай күй кешетіні рас. Жемқорлық жайлаған жерде әділетсіздік белең алатыны, жауырды жаба тоқу, жоқтан бар жасап асыра сілтеу, өтірікті өрге бастырып қоғам байлығын қымқырудың түрлі айла-тәсіліне жол ашылатыны, халықтың табан ет, маңдай терімен тапқан несібесін өзіне бұйыртпай жеке бастың мүддесіне пайдалану, қасықтап жинағанын шөміштеп шашып, ту-талақайын шығару жоғарыдағы ойымызға дәлел болатыны өзінен-өзі түсінікті.

    Еліміз тәуелсіздік алып, өз алдына дербес мемлекет атанған 30 жылдан аса уақыт бедерінде еркіндіктің баянды болуы жолында көптеген игі іс жүзеге асырылуда. Дей тұрғанмен, ата-бабамыз мұраға қалдырған ұлан-байтақ жеріміздің асты-үстіндегі ен байлықты қаншалықты еншіледік десек те көзіміз көріп, көңіліміз сенген, құлағымыздың құрышы қанған сыбайлас жемқорлық жағадан алып, етектен тартып тұрғанын айтпасқа болмайды. Мұның салдары мемлекетіміздің экономикалық тұрғыда дамуына, халықтың күнкөріс деңгейінің артуына салқынын тигізуде. Қоғамның тамырына түскен жегі құртпен күрес бүгінгі таңда тоқтаусыз жүргізіліп, аяусыз әшкереленіп жатса да, жазылмасқа айналған аты жаман ауру сияқты тыным берер емес.

    Осы орайда сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін халықтың құқықтық сауатын арттырудың маңызы зор. Өйткені конституциялық тәртіпті қорғау, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту – бүгінгі таңдағы басты мақсат болып саналады. Осы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тың серпін беретін «Қазақстан Республикасында қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және құқық қорғау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі қосымша шаралар туралы» Мемлекет басшысының Жарлығы қолданысқа енгізілгені белгілі.

    Сыбайлас  жемқорлықпен күреске арналған іс-шаралар Райымбек ауданында қарқынды жүргізіліп келеді. Атап айтқанда, 2024 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасының  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен өңірде «Халық заңгері» жобасы жұмысын бастады. Құқықтық сауаттылықты арттыру, консультациялық көмек көрсету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізінде құрылған мобильді топ елдімекендерді аралап, тұрғындармен кездесулер ұйымдастырды. Аталған шара аудан орталығындағы Мәдениет үйінде және Халыққа қызмет көрсету орталығында өткізілді. Одан кейін Ақбейіт ауылындағы Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі ғимаратында жалғасын тауып, көкейкесті мәселелерге назар аударылды.

    Жамбыл ауылында 2021 жылдың қыркүйек айында басталып, мердігер компанияның міндетін тиісті деңгейде орындамауына байланысты тоқтап қалған Мәдениет үйінің құрылысы облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің араласуымен 2024 жылы қайта қолға алынып, аталған нысан пайдалануға берілді. Қазір ауыл тұрғындары жаңа мәдениет ошағының игілігін көруде. Аудандық және жергілікті жердегі кітапханаларда «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – көпке тиген үлес» тақырыбында конференциялар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Денсаулық сақтау орындарында, білім ошақтарында, мекеме, ұйымдарда, спорт кешендерінде құқық қорғау саласы мамандарының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам», аудандық Мәдениет үйі мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері бірлесіп «Сыбайлас жемқорлық – жастар көзқарасымен» деген тақырыптарда жиын өткізіп, сахналық қойылым көрсетті.

    Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатыны анық. Сыбайлас жемқорлықпен күрес – бәріміздің ортақ парызымыз. Болашағымыздың жарқын, тәуелсіздігіміздің баянды болуы әділетті қоғам арқылы жүзеге асатынын жан-тәнімізбен сезіне білсек, нұр үстіне нұр болады.

    Берік  ДҮЙСЕНБАЕВ,

    Райымбек ауданының әкімі

    Ұсынымдар

    Құрылыс нысанын аралады

    Құрылыс нысанын аралады

    2 weeks ago
    Қазақстанда ерлерден әйелдер көбірек – Халық санағы

    Қазақстанда ерлерден әйелдер көбірек – Халық санағы

    2 years ago
    ЖАДЫМЫЗДА ЖАҚСЫ АДАМ

    ЖАДЫМЫЗДА ЖАҚСЫ АДАМ

    10 months ago
    Тұтынушылар құқығы басты назарда

    Тұтынушылар құқығы басты назарда

    2 years ago
    Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет

    Қазақстан атоммен етене таныс мемлекет

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.