-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Аймақ дамуына серпін береді

    20.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Аймақ дамуына серпін береді
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Таяу жылдары облысымызда жаңа қосалқы электр стансалары, газбен жылытатын жылу электр орталығы және күн көзінен қуат алатын электр стансасы пайда болмақ. Олар бүгінгі күні аса қат болып отырған аймақ өнеркәсібі үшін қажетті электр қуатының жеткіліксіздігі мәселесін шешуге ықпал етпек. Бұл мәселе облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің «ТВЕА» Қытай компаниясының өкілдерімен кездесуінде жан-жақты сараланды. Қазіргі таңда осы жобаларға арнап жер телімдерін беру мәселесі қарастырылып жатыр, алайда түпкілікті шешім көктемде шығады деп күтілуде.

    Аймақ басшысы бұл ынты­мақ­тастықтың маңыздылығын атап көрсетті.
    – Біз «ТВЕА» компаниясының облысы­мызға танытып отырған қызығу­шылы­ғын жоғары бағалаймыз. Мұн­дай ауқымды энергетикалық жобаларды жүзеге асыру өнеркәсіп қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, болашаққа сенімді іргетас қалауға да мүмкіндік береді. Бұл компания энергетика мен электротехника құрал-жабдықтарын өндіру салаларында әлемге танымал инвестор болып саналады. Ал өткен жылғы маусым айында Үрімші қаласында өткен аймақаралық ынтымақтастық жөніндегі ІІІ Қазақстан-Қытай форумында облыс әкімдігі мен «ТВЕА» компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандум мен негіздемелік келісімге қол қойылған болатын, – деді Марат Елеусізұлы.
    Аталған келісімдер аясында қуаттылығы 300 МВт газбен жылытылатын жылу электр орталығының және 1000 МВт-тық күн көзінен қуат алатын электр стансасының, сондай-ақ компания зауытының құрылысы жоспарланған. Қазір халықаралық корпорация бірнеше қосалқы станса салу мен электр тасымалдаушы желісін тартуға мүдделілік көрсетіп отыр. Дегенмен, мердігер байқау нәтижесінде анықталады, өйткені бүгінгі таңда жобаға түрік мемлекеті және жергілікті қатысушылар қызығушылық танытып отыр.
    Жүздесуде жер телімдерін бөлу мен жобаларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыру жайы да сөз етілді. Дәл қазіргі уақытта әкімшілік мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің екі үлгісін қарастыруда. Бірінші нұсқа бойынша 20/80, яғни қаржыландырудың 80% несие қаражаты есебінен, ал 20% жекеменшік әріптестің есебінен жүзеге асырылмақ. Бұл нұсқа бюджеттің жүктемесін азайтқанымен, жобаны қымбаттатпақ. Екінші нұсқа – 20/20/60 үлгісі, мұнда мемлекет құрылыстың қорытынды құнын төмендете отырып, шығындардың бестен бір бөлігін өз мойнына алады.
    Энергетика және сумен қамтамасыз ету басқармасы екі сатыда өтетін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік байқауына арналған құжаттар пакетін дайындауға кірісіп кетті. Таяу күндері қосалқы стансаларға арналған жер телімдерін беру үрдісі аяқталмақ. «Индустриальная» қосал­қы стансасына арналған жер телімі анықталып қойылды. Иесімен меморандум әзірленуде. «Әлмерек» қосалқы стансасының жер телімі жекеменшіктің қолында, оны алу жөніндегі қаулы дайындалып жатыр. «Белбұлақ» қосалқы стансасына қатысты да осыған ұқсас жағдай – жерді бағалау жүргізілуде. «Ақдала» қосалқы стансасының да жер телімі анықталып, Talgar Eco City серіктес-қаласының жобасына енгізілді. «Терек» және «G-Trans» қосалқы стансалары Алатау қаласының бас жоспарының аясында салынатын болады.
    Қытай тарапы жерге және жобалауға қатысты мәселелер шешілген бойда құрылысқа шұғыл кірісуге дайын екендіктерін білдірді. Мұнымен қоса, компания өкілдері егер тендер өздеріне тисе, құрылыс үдерісін бір жарым жылдан бір жылға дейін шапшаңдата алатындықтарына сендіріп отыр. Бұл бастаманың маңыздылығы жобалар аймақты электр қуатымен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар инновациялық энергетикалық инфрақұрылымның туындауына да мүмкіндік бермек.
    Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде:
    – Аймақтың энергетикалық тәуелсіздігі – негізгі басымдықтың бірі. Біз ТВЕА-мен ынтымақтастық біздің экономикалық байланысымызды нығайтып қана қоймай, облыстың тұрақты дамуына жағдай туғызатынына сенімдіміз. Жобалар қысқа мерзімде жүзеге асулары үшін біз жерге және қаржыландыруға байланысты барлық үдерісті шапшаңдатуға тырысамыз.
    Бүгінгі күні аймақта Қытай капиталымен іске қосылған 98 кәсіпорын жұмыс істейді. Ал Қытаймен арадағы тауар айналымы өткен жылы миллиард долларға жуықтады. Энергетикадағы жаңа жобалар бұл көрсеткішті елеулі түрде арттырып, Алматы облысын тұрақты өнеркәсіптік даму орталығына айналдырады, – деп атап өтті.
    Қорыта айтқанда, әкімнің «ТВЕА» өкілдерімен кездесуі аймақ үшін стратегиялық мәні зор жобаларды жүзеге асырудағы маңызды қадам болды. Жақын айлардың ішінде жер телімдерін бөлу жөніндегі шешімдер қабылданады, ал көктем шыға құрылысқа дайындықтың белсенді кезеңі басталуға тиіс.

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    Халықтық штаб Алматы облысындағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

    Халықтық штаб Алматы облысындағы ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесті

    8 months ago
    Рух пен сенім

    Рух пен сенім

    8 months ago
    Туризм әлеуеті артады

    Туризм әлеуеті артады

    7 months ago
    Алғашқы әкім

    Алғашқы әкім

    8 months ago
    Музей – тарих қоймасы

    Музей – тарих қоймасы

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.