-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әлеуеті зор өңір

    27.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Әлеуеті зор өңір
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданына жұмыс сапарымен барды. Аудандағы бірнеше елдімекенді аралап, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты. Мектеп құрылысы, сумен қамту, туристік аймақтарды дамыту сынды маңызды мәселелерге назар аударды.

    Алғашқы кезекте Тұздыбастау ауылына атбасын тіреген аймақ басшысы 1500 орынды мектептің құрылыс жұмысын көріп, білім беру нысанының жағдайына ерекше көңіл бөлді. Әкім мектеп оқушылары үшін барынша қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Балалардың барлық мүмкіндігі қарастырылған оқу ошағында сапалы білім алуы олардың үлгерімі мен болашақ жолының дұрыс қалануына тікелей әсер ететінін айтты. Күн санап көр­кейіп келе жатқан Талғар сынды аудан мен іргелі елдімекендердегі құрылыс ең жоғары сапаға сай болуы керектігін де еске сала кетті.
    Келесі кезекте Марат Сұлтанғазиев Бесағаш ауылына барып, онда жүргізіліп жатқан сумен қамту жүйесінің құрылысын бақылады. Ол бұл нысанның стратегиялық маңыздылығына тоқталып, құры­лыстың сапалы жүруі мен белгіленген мерзімінде аяқталуы қажеттігін баса айтты.
    Облыс басшысы туристік әлеуеті зор Талғар ауданындағы «Сұлусай», демалыс аймақтарына мен «Oi-Qaragai» да атбасын бұрды. Бұл нысандар бүгінде тұрғындар мен қонақтардың көп келетін орнына айналған. Десе де, демалыс аймақ­тарының ары қарай дамуы үшін инфраструктура мен сервисті жақсарту бағытында қосымша іс-шаралар атқарылуы тиіс. Бұл ретте Марат Елеусізұлы туризмге инвестиция тарту ауданның экономикалық тұрғыда өсуіне, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына мүмкіндік ашатынын алға тартып, осы бағытта жұмыс жүргізілу қажеттігін жеткізді.
    Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі тиісті құрылымдарға Талғар ауданындағы әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша нақты шараларды қолға алуды міндеттеді. Сондай-ақ, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстардың үздіксіз жалғасатынын жеткізді.
    Талғар – облыстағы қарқынды дамып келе жатқан ауданның бірі. Мұнда халық көп қоныстанған. Соған орай, әлеуметтік мәселелердің де жиі көтерілетіні заңдылық. Оны уақытылы шешіп, тұрғындарға жайлы жағдай жасау – күн тәртібінен түспейтін жайт.

    Алма ЕСЕНБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Газет – халықтың үні

    Газет – халықтың үні

    1 year ago
    Жақсылық жаршылары

    Жақсылық жаршылары

    10 months ago
    Ірі жобалар жүзеге аспақ

    Ірі жобалар жүзеге аспақ

    2 weeks ago
    Жеңіл атлеттер жарыс жолында

    Жеңіл атлеттер жарыс жолында

    5 months ago
    Орманшылар ғимараты ауысты

    Орманшылар ғимараты ауысты

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.