-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Ардагерлерге газет қажет пе?

    25.01.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар
    Газет – халықтың үні

    Фото: sportspress.kz

    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Ақиқатын айту керек, өзіміз де өзгерісіне ілесе алмай жатқан ақпараттық дәуірде газеттің орнын әлеуметтік желі иеленіп жатқаны жасырын емес. Интернеттің кеңінен таралуы, әлемнің кез келген бұрышында қолжетімді болуы дәстүрлі басылымды «барса, келмеске» жіберу деген сөз емес. Газет елмен бірге жасай береді. Өйткені, газет елдегі әртүрлі оқиғалар мен жаңалықтарды нақты деректерге сүйеніп, шынайы жеткізуімен құнды. Олай дейтініміз, мерзімді басылымда журналистиканың қыр-сырын жан-жақты меңгерген нағыз мамандар қызмет етіп, бар жауапкершілікті өз мойнына ала біледі.

    Дей тұрғанмен, нарықтың талабы сол, Абай атамыз айтқандай, есектің артын жусаң да, жан бағуды басшылыққа алуымыз тиіс. Осы орайда нарықта жеке басылым шығарумен айналысушылар көбейді. Салалық газеттер де жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақ сияқты қаптап кеткенімен, көбісі ұзаққа бармай, ғайып болып та жатыр. «Газет-журналдарға мәжбүрлеп жаздыруға  болмайды» деген желеуді  алға тартып, елде, өз облыстары мен аудандарындағы жаңалық, айтулы оқиғаларды әлеуметтік желіден оқимыз деген арзан ойдың жетегіне жегіліп, дәстүрлі басылымдарға жазылудан бас тартушылар да көбейді. Әсіресе, қазіргі кезде қазақы сөздің қаймағы бұзылып, әлеуметтік желілерде орысша-қазақшасын араластырып, не боқауыз сөзін тұздықтап, немесе «Отырық, жатырық», «Жоқ қо», «Нестеватсың?» деген сияқты кекеш сөлейтін әдеттер қалыптасуда. «Ауру қалса да, әдет қалмайды» деген сөз осындайда айтылса керек.

    Газетке деген немқұрайдылық тек Қазақстанда ғана өріс алып отырғанын тілге тиек еткен елімізге танымал журналист Нұртөре Жүсіп:  «Әлемнің кез келген озық мемлекетінде қағаз түріндегі басылымдар тұрақты шығуда. Технология жағынан дамыған Жапонияның өзінде күніне екі рет – таңертең және кешке 9 миллион тиражбен шығатын газеттер бар. Сол Жапония неге жауып тастамайды газеттерін? Бәрі смартфон арқылы оқи бермей ме? Жоқ! Дамыған елдерде газет оқу мәдениеті қалыптасқан. Олар содан айырылғысы келмейді», – деген болатын. Шынында да, қазір мұхиттың арғы бетіндегі Америка, Қара теңіз жағасындағы Түркия ай, апта емес, күн сайын миллиондаған тиражбен газет шығарады және оны халық жаздырып, оқиды.

    Қазақстанда, керісінше, газет оқымайтындар саны жылдан-жылға артып барады. Өздеріне керек кезде мақала жариялау, түрлі хабарлама беруде «Бір газет сақтап қоясыз ба?» деп әуре-сарсаңға түсіп жүргені. Осыдан-ақ халықтың рухани азық алатын мәдениетінің төмен екенін аңғаруға болады. Осындай ұрымтал тұста еліміздің, әр облыс, аудандардың  тыныс-тіршілігін шынайы жеткізетін газеттердің оқырмандары азайып бара жатқанда, басқа салалық, арнайы газеттер шығару «бүйректен сирақ шығару» емес пе? Мәселен, Алматы облыстық қоғамдық-саяси газеті деп айдар таққан «Алатау ардагері» атты басылымды тек ардагерлердің өздерінен басқа кім оқиды? Бұл ардагерлерді халықтын бөліп тастау болмай ма?

    Облыстық, аудандық газеттер үлкендерді кейінгі жастарға үлгі тұтып, түрлі мақалалар жариялап тұратыны бесенеден белгілі. Ол аз десе, облыстық «Алатау арайы» газетінде ай аралатып «Ардагер» беті ұйымдастырылып, қазыналы қарияларымыздың ерен еңбектері, өнегелі өмірі үлгі етіліп, жастар, тұтас халық оқитындай пайдалы әрі тәрбиелік мәні зор мақалалар басылып жатыр. Бұл – баяғы «Жетісу» газетінен бергі қалыптасқан үрдіс. Баспасөзге жазылу кезінде, ауданның, ауылдың ардагерлер алқасының басшылары жергілікті газеттерге бәсекелес болып, «атқа мініп» жарнамалаулары ерсі емес пе?! Қарттарымыз өз отауынан бөлініп, қарттар баспасөзін «паналауы» дәстүрімізге де жат емес пе?

    Осындайда «Ардагерлерге арнайы газет қажет пе?» деген орынды сұрақ қоюымыз да заңдылық. «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген емес пе?! «Алатау ардагері» деген ат қойылған, көбімізге беймәлім газеттің соңғы бетіне қарасақ, редакциясында екі-ақ тілшінің есімі жазылған. Яғни, екі-ақ адам жұмыс істейтін сияқты. Олар ақпаратты қайдан алып, қалай газетті толтырып отырғаны тағы түсініксіз. Олай болса, қариялардың өмірін өзіміздің бұрынғы «Жетісу», қазіргі «Алатау арайы» газетінен оқып отырсақ, бас-басына басылым ашпай, үй ішінен үй тікпей, бір облыстық газеттен тұщымды ақпарат алсақ, несі айып? Ардагерлеріміз облысымыздың ресми жалғыз басылымы, тарихы терең «Алатау арайының» төрінен көрініп отырса әрі мақтаныш, әрі мәртебе емес пе?

    Анарбек БЕРДІБАЕВ,

    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Ауа тазалығы басты назарда

    Ауа тазалығы басты назарда

    2 years ago
    «Жемқорлыққа қарсы үздік мектеп» анықталды

    «Жемқорлыққа қарсы үздік мектеп» анықталды

    1 year ago
    Бизнеске жол ашқан

    Бизнеске жол ашқан

    8 months ago
    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

    ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

    6 months ago
    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді

    Zhas Project жобасына өтініш қабылдау басталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>