-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Білім нысандарын аралады

    13.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Парламент
    Білім нысандарын аралады
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Халықтың тұрмыс-тіршілігімен, өңірдің өзекті мәселелерімен танысу үшін жер-жерді аралап, ауылдағы ағайынның ойын білу маңызды. Осындай мақсатпен Еңбекшіқазақ ауданына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Жанарбек Әшімжан, Максим Рожин мен Ардақ Назаров іссапармен келді.

    Жұмысын аудандағы білім беру нысандарының жай-күйімен танысудан бастаған депутаттар алдымен Рахат ауылдық округіне қарасты саяжайда орналасқан Ә.Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебіне барды. Былтыр ғана қолданысқа берілген білім ошағы бүгінде ауданда білім саласына қатысты біраз мәселенің түйінін шешіп отыр. Болат Өтемұратов қоры сыйға тартқан 900 орынды бұл мектеп өңірдегі үш ауысымды мектептермен қатар, балаларды тасымалдап оқыту мәселесін шешуге де сеп болды. Заманауи үлгідегі мектеп қажетті техникамен толық жабдықталған. Информатика, физика, химия, робототехника және технология сыныптары, бастауыш пен үлкен сынып оқушыларына бөлек асханалар, спортзал, хореография залы, үстел теннисіне арналған үстелдер, стадион мен спортқа қажет барлық құралмен қамтамасыз етілген. Бүгінде бұл оқу орнында саяжайлардың балаларымен қатар ғимаратына күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатқан Қ.Сәтбаев атындағы орта мектептің балалары екі ауысымда білім алып жатыр. Мектеп директоры Жанат Нұрамбаев депутаттарды оқу орнының материалдық базасымен таныстырып, білім сапасын арттыруға қатысты жоспарымен бөлісті. Облыстың бірнеше ауданын аралап келе жатқан депутаттар салынып жатқан білім нысандарының жоғары деңгейде екенін тілге тиек етіп, сонымен қатар маман тапшылығы мәселесіне де назар аудару қажеттігін алға тартты.

    Халық қалаулылары арнайы барған екінші нысан – Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп. Күрделі жөндеуге жабылған білім ошағы жазда қолданысқа берілмек. Демек, бүгінде Ә.Бөкейхан атындағы қазақ орта мектебінде тасымалданып оқып жүрген 1300 оқушы келесі оқу жылында оқуын өз мектебінде жалғастырады. Депутаттар құрылыс барысымен танысып, жөндеу жұмысының уақытында аяқталуын талап етті.

    Есік гуманитарлық-экономикалық колледжінің студенттері биыл 200 орынды жаңа жатақханаға кірмек. Студенттер үйінің құрылысымен танысу үшін мәжілісмендер колледжге келді. 0,55 га жерде бой көтерген ғимарат заман талабына сай салынып жатыр. Колледж әкімшілігімен және құрылыс компаниясының өкілдерімен кездескен халық қалаулылары жатақхана студенттердің өмір сүруіне қолайлы, тиісті стандарттарға сай болуын және құрылыс жұмысының уақытылы аяқталуын ерекше бақылауға алатынын жеткізді.
    Іссапар соңында депутаттар колледж қабырғасында «AMANAT» партиясының «Есік» бастауыш ұйымының мүшелерімен жүздесті. Кездесу барысында ауданда шешімін таппай тұрған бірнеше мәселе талқыланды. Оның ішінде Қаражота ауылдық округіне қарасты Ақтоған ауылындағы орта мектеп мәселесі де бар. 200-ге жуық оқушы білім алатын мектепте кабинеттер тар, мәдени іс-шаралар өткізетін акт залы да, спорт зал да, еңбек кабинеті мен асхана да жоқ, дәретхана аулада. Ең қиыны, мектеп үш бөлек ғимараттан тұрады, аралары алшақ. «Бүгінгі білім бағдарламасына сәйкес, 2-сыныптан бастап «Цифрлық сауаттылық» пәні оқытылады. Ал компьютерлік сынып орналасқан ғимарат пен бастауыш сыныптар оқитын ғимараттың арасы – 700 метр қашық. Қыстыкүні сабақ арасында бір ғимараттан екіншісіне 2-4 сынып оқушыларын жетектеп жүру өте қауіпті», – деп мәселе көтерген Ақтоған ауылының тұрғыны мектептің жобалау-сметалық құжаттамасы, тағы басқа қажетті құжаттарының бәрі дайын екенін, бар шаруа тек қаржыға тіреліп тұрғанын айтып, мәжілісмендерден осы істің оң шешілуіне жәрдем жасауын сұрады. Осы орайда облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғожаев аталған мектеп құны 2 млрд теңгеден асатынын ескеріп, оның құрылысын облыс әкімі инвесторлардың көмегімен салу мүмкіндігін қарастырып отырғанын айтты.

    Т.Молдағалиев атындағы Мәдениет үйінің директоры Бауыржан Шаяхметов те көптің көкейіндегі мәселені көтерді. Ол: «Халықтың сұрауы бойынша 2022 жылы Бәйдібек би, Қайыпов және Жаңатұрмыс ауылдарында Мәдениет үйлерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптамадан өтіп, дайын тұр. Алайда, үш жылдан бері қазынадан қаржы бөлінбей келеді. Жобалау-сметалық құжаттамасының мерзімі де өтіп кететін болды», – деді. Бұл мәселеге орай аудан әкімі Талғат Байеділов 2025 жылға бюджетті нақтылауға қатысты көктемгі сессияда облыстық бюджеттен қаржы бөлу мүмкіндігі қарастырылуы үшін тағы ұсыныс жасап көретіндерін айтты. Мәжілісмендер алдында тұрғындар бұдан бөлек, «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы жанынан салынып жатқан визит орталығының тоқтап тұрған құрылысы, суармалы су жүйесі, ауылдарға газ тарту, медициналық нысандардың жетіспеушілігі сынды жайттарды ортаға салып, олардың шешімін табуына депутаттардың ықпал етуін сұрады. Түйіткілді мәселелерді түртіп алған халық қалаулылары оларды Парламент мінберінде көтеріп, тиісті деңгейде шешілуі үшін бар мүмкіндікті қарастыратындарын уәде етті.

    Құралай МҰРАТҚЫЗЫ,

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

    1 year ago
    Шалғайдағы ауданның жай-күйі. Әкімнің Райымбек ауданы тұрғындарына есеп беру кездесуі қалай өтті?

    Шалғайдағы ауданның жай-күйі. Әкімнің Райымбек ауданы тұрғындарына есеп беру кездесуі қалай өтті?

    2 years ago
    «Таза бейсенбіге» белсене қатысты

    Тазалық пен тәртіп өркениетке бастайды

    1 month ago
    Дәруменге де дәрігер кеңесі керек

    Дәруменге де дәрігер кеңесі керек

    7 months ago
    АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

    АССАМБЛЕЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.