-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бір шаңырақ астында

    06.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам
    Бір шаңырақ астында
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Шамалған ауылында орналасқан «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өзге де қоғамдық ұйымдардың жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылаған жиын өтті. Алқалы басқосуды аудандық қоғамдық келісім және даму орталығының директоры Дидар Өтемісов ашып, жүргізіп отырды. Ол күн тәртібіне қойылған мәселеге қатысты баяндамасында нақтылы істерге тоқталып өтті. 

    Атап айтқанда, былтыр ауданда жастарға патриоттық тәрбие беру, татулық пен бірлікті нығайту, ауданда тұратын түрлі этностардың тілдерін сақтау мен дамытуға бағытталған 145 шара өткізілген. Оған 10 мыңнан аса адам қатысып, аудандық ақсақалдар мен аналар кеңесінің, этномәдени орталықтардың, «Ассамблея жастары» мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің мүшелері белсене атсалысқан.

    Қол жеткен табыстар да баршылық. Облыс көлемінде өткізілген көркемөнерпаздар жарысында қарасайлықтар  бас жүлдені жеңіп алса, республикалық «Батагөй» байқауында – екінші, ал «Жылылық күннің көзінде – тәрбие әженің сөзінде» атты аламанда үшінші орынды иеленген. Сонымен қатар «Өнерім саған – Қазақстан!» атты республикалық байқауда Шамалған ауылының тұрғыны Сабир Гусейнов Гран-при жүлдесін, ал Қаскелең мәдениет колледжінің студенті Тимур Ким бірінші орынды еншілеп, ауданның мерейін асқақтата түскен.

    Қайнар ауылындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Роман Ілиясов «Өнерлі өрге жүзер» атты облыстық байқаудың бас жүлдегері атанды. Оның жыл қорытындысына арналған басқосуда домбырада күмбірлете күй шертіп, жиылған жұртшылықты тамашаға бөлегені тағы бар. Қарасай аудандық «Ассамблея жастары» бірлестігінің  жетекшісі  Ясми Мчелидзе  де қазақ тілін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін ҚР Ғылым мен жоғары білім министрінің  Алғыс хатымен марапатталды. Қаскелең  гуманитарлық-техникалық колледжінде оқып жүрген Асми мемлекеттік тілді меңгеріп қана қоймай, жастар арасында насихаттауға да өз үлесін қосып келеді. Ал оқуын бітіргеннен кейін бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілінен дәріс беруге белін бекем байлап отыр.

    Жиын барысында сөз алған Шамалған ауылдық округінің әкімі Нұрсұлтан Жолдасбек,  аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынов, «Ахыска» түрік  этномәдени орталығының  жетекшісі, заңгер әрі медиатор Илимдар Камилов атқарылған істерді баяндай келе, алдағы жоспарларымен бөлісті. Олар  сталиндік репрессия жылдары жер аударылған этностарға қарапайым қазақтардың қалай көмектескені, солардың арқасында тура келген ажалдан аман қалып, бүгінде өсіп-өркендеп отырғандары жайлы да ақтарыла сыр шертті.

    Салтанатты жиынның соңында  Шамалған ауылының әкімі Нұрсұлтан Жолдасбек қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан жекелеген тұрғындар мен этномәдени орталықтардың мүшелеріне аудан әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбектің атынан Алғыс хаттар табыс етті.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта әскери қызметкерлер дауыс берді

    Қонаевта әскери қызметкерлер дауыс берді

    2 years ago
    Күрес күшейеді

    Күрес күшейеді

    10 months ago
    Кәсіпкер кинотеатр ашты

    Кәсіпкер кинотеатр ашты

    2 years ago
    Әке өнегесі

    Әке өнегесі

    7 months ago
    Qazaq Oxford Dictionary сөздігі таныстырылды

    Qazaq Oxford Dictionary сөздігі таныстырылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.