-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Бөденеден табыс тапқан

    25.01.2025
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Бөденеден табыс тапқан
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Табысқа жету үшін қарекет керек. Бақытын еңбектен тапқан жандардың қоғамдағы орны да ерекше. Осындайда барлық саланы ұршықша иіріп әкететін епті адамдарға қарап сүйінесің. Солардың бірі – Кеген ауылының тұрғыны Дулат Ілікұлы.

    Таулы өңір тұрғындарының басым көпшілігі мал шаруашылығымен айналысатыны белгілі. Шаруалар жылдың төрт мезгілінде де тырбанып тіршілік жасаудан еш танған емес. Ал біздің бүгінгі кейіпкеріміз бөдене өсіруді қолға алған. Оның еті мен жұмырт­қасы адам ағзасына пайдалы екенін естіп біледі.

    – Бұл кәсіпті әуелде ақша табу үшін бастаған жоқпын. Өнімін өзіміз тұтынайық деп шештік. Сол оймен былтыр күзде Алматыдан 20-30 бас құс сатып әкелдім. Біреуінің құны мың теңге тұрады екен. Алдымен бөдене тұратын орынды жылылап, тордың ауқымын кеңейттім. Өйткені олар суық жерде жұмыртқаламайды. Тұрақты 16-18 градус жылы температура қажет. Әсіресе қыс мезгілінде йодталған су мен азықты көптеп беру керек. Оған бидай, жүгері, соя және балық ұны кіреді. Сонда ғана өнімі ойдағыдай болады, – дейді Дулат.

    Бөденелерге дұрыс күтім жасағанның арқасында, олар күніне 20-30 дана жұмыртқа бере бастайды. Сөйтіп өздерінен артылғанын дүкендерге өткізіп, пайда табуға көшеді. Бүгінде кәсібін кеңейтіп, құс санын арттырып отыр.

    – «Ақ гигант», «Феникс» тұқымына жататын 200 бөдене бар. Олар күніне 170 жұмыртқа береді. Бастаған ісімнің отбасыма да, елге де пайдасы тиіп жатқанына қуаныштымын, – деген бөдене өсіруші Дулат Ілікұлы болашақта жұмыс ауқымын одан сайын арттыруды көздеп отыр.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    Талғар ауданында спутник қала салынбақ

    2 years ago
    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    Ғұламаның ғұмырын бейнелеген

    11 months ago
    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    Әкім орынбасары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап берді

    2 years ago
    Талғар ауданында 32 елдімекенге газ тартылған

    Талғардағы түйткілдер қашан шешімін табады?

    1 year ago
    Бозкілемде белдесті

    Бозкілемде белдесті

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.