-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Газдандыру қарқын алады

    21.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Энергетика
    Газдандыру қарқын алады
    0
    SHARES
    48
    VIEWS

    Алматы облысы – елімізде газдандыру процесі қарқынды жүргізіліп жатқан өңірлердің бірі. Бұған облыс аумағынан ірі магистралды газ құбырларының өтуі де өз ықпалын тигізіп отыр деуге болады. Өңірде елдімекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмыстарының жай-жапсары туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергеновтен сұрап білген едік.

    – Нұржан Кеңесұлы, облыста осы уақытқа дейін қанша елдімекен газдандырылды және қазіргі уақытта аймақта жұмыс істеп тұрған ірі магистралды газ құбырларының жағдайы қандай?

    – Облыста 284 елді мекен газдандыруға жатады, олардың 159-ы (56%) газдандырылған, 1,2 миллион адам (77%) газбен қамтылған.

    Бүгінде аймақта «Алматы-Талдықорған», «Алматы-Байсерке-Талғар», «Алматы-Байсерке-Талғар»-дың 2-желісі, «Байсерке-Қапшағай», «Ташкент-Бішкек-Алматы», «Қазақстан-Қытай» ірі магистралды газ құбырлары  жұмыс істейді және «Шелек-Кеген-Нарынқол» газ құбыры тартылып жатыр.

    Сонымен қатар, «Алматы-Байсерке-Талғар» магистралды газ құбыры бойынша ішкіқұбырлық диагностика жүргізілді, ал «Алматы-Талдықорған» магистралды газ құбыры бойынша диагностика жалғасуда.

    – 2024 жылы  қанша елдімекен көгілдір отынға қол жеткізді және оның жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге ықпалы қандай?

    – 2024 жылы 17 жаңа газдандыру нысаны іске қосылды. Атап айтсақ, Жамбыл ауданының Бірлік, Ақтерек, Ақсеңгір, Көкдала, Жайсан, Б. Қыдырбекұлы, Беріктас, Дегерес, Қазыбек бек ауылдары, Іле ауданының Жаңаарна, Еңбек ауылдары, Талғар ауданының Арқабай, Көктал, Қайнар, Төңкеріс ауылдары, Ұйғыр ауданының Бахар, Шарын ауылдары. Бұл жұмыстар облыста 30 мыңнан астам тұрғынның тұрмыс сапасын жақсартуға ықпал етті.

    Бұдан бөлек, 18 жобаның мемлекеттік сараптамасы оң қорытындысын алды. Бұл жобалар іске асырылса өңірде 600-ден астам уақытша және 20 тұрақты жұмыс орны ашылады. (Балқаш ауданы – Береке; Еңбекшіқазақ ауданы – Талдыбұлақ, Сатай, Қаракемер, Нұрлы, Мақсат, Достық, Лавар, Қорам, Қаратырық, Дихан, Қаражота, Шелек-Кеген-Нарынқол; Қарасай ауданы – Қарасай, Талғар ауданы – Дәулет; Қонаев қаласы – ДГД және 5 шағын аудан).

    – 2025 жылдың соңына қарай аймақтағы газдандыру деңгейін қанша пайызға жеткізу жоспарланып отыр?

    – 2025 жылы Балқаш, Жамбыл, Талғар, Ұйғыр аудандарында 12 жобаны іске асыруға 3,75 млрд теңге бөлінді. Оның 250 миллионы республикалық бюджеттен бөлінсе, 3,5 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен қарастырылған.

    Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 29 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 1,4 млрд теңге бөлінді, ол: (Балқаш ауданы – Бура, Ұшжарма, Ақкөл; Еңбекшіқазақ ауданы – Ақши, Қайрат, Балтабай, Болек, Аймен, Алға, Койшыбек, Базаокельді, Космос, Қызылшарық; Талғар ауданы – Озтерім, Нұра, Тұғанбай; Іле ауданы – Қуйған; Ұйғыр ауданы – Кіші Дихан, Үлкен Дихан, Көлжат, Кетпен).

    2025 жылдың соңына дейін аймақтың газдандыру деңгейі 59,8 пайызға дейін арттырылып, 170 елдімекенге табиғи газ беру жоспарланып отыр. Қалған 114 елдімекен 2030 жылға дейін газдандырылады деген жоспар бар.

    – Сұхбатыңызға рахмет!

    Өз тілшіміз

    Ұсынымдар

    Облыста 156 мың тонна астық бастырылды

    Облыста 156 мың тонна астық бастырылды

    2 years ago
    Алматы облысында 629 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады

    ОСК төрағасы: Сайлау күні заң бұзған 42 адам жауапқа тартылды

    2 years ago
    Онлайн аударым: қате жіберілген ақшаны қалай қайтаруға болады?

    Онлайн аударым: қате жіберілген ақшаны қалай қайтаруға болады?

    2 years ago
    Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

    Қаржылық сауаттылық – қауіпсіздік кепілі

    9 months ago
    Үкімет жылу желілерін  тексеруді 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды

    Үкімет жылу желілерін тексеруді 1 маусымға дейін аяқтауды тапсырды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>