⛅
-2°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Имандылық иірімі

    22.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Имандылық иірімі
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы «Сәт» мешітінде жасөспірімдер арасында Құран оқудан байқау өтті. Шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқауға аудандағы 12 мешіттің имамдары мен қариялары, діни ұстаздар қатысты.

    «Сәт» мешітінің бас имамы Сейітқали-Серік қажы Ыбытаев өз сөзінде шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсатқа тоқталды. Ол бабалар аманатына адалдық таныту, Құран құндылықтарын кеңінен дәріптеу, қасиетті кітабымызға құрмет көрсету мәдениетін қалыптастыру туралы айтты. Байқаудың шарттарын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Құран жарысы негізгі екі кезеңнен тұрды. Алғашқы сында қасиетті кітаптың 30 парасынан сайыс өтті. Екінші кезеңде «Уәддухәә»-дан төмен қарай білімдері сыналды. Оқушылардың өнеріне «Рахымберген қажы» мешітінің наиб-имамы Омар Набижанов қазылық етіп, ұпай санымен бағалап отырды. Жасөспірімдер өзара бақ сынасып, білімдерін шыңдау барысында 7 жастан бастап 12 жасқа дейінгі балалардың Құран оқуды жақсы меңгергені көңіл қуантты. Байқау қорытындысында үздік деп танылған жеңімпаздар салтанатты жағдайда марапатталды.

    Алғашқы кезең бойынша 30-шы параны толық жаттағандар арасында І орынды Сабыр Омар жеңіп алып, мерейі үстем болды. ІІ орынға Садық Ибрагим ие болды. ІІІ орындар Біләл Дұғабаев, Сабыр Мамаев және Абдулла Рахметоллаға бұйырды. Екінші кезең бойынша бас жүлдеге Мыңбаев ауылынан келген Байболат Мұхамбет лайық деп танылды. Бірінші орын «Майбұлақ» мешітінен қатысқан Ержан Мұхамбетке берілді. Екінші орынға «Шынасыл» мешітінен Сәукен Жетес ие болды. Үшінші орындарды «Сәт» мешітінен бағын сынаған Алмас Нұрдосұлы, Бақыт Бермұханбетұлы, Сағдат Халмұрат және «Найманбай» мешітінен Есен Ерасыл өзара бөлісті.

    Құран оқу байқауының жүлдегерлеріне ақшалай сыйақы берілді. Қалған қатысушыларға облыстың бас имамы Мадияр Тағайбайұлының Алғыс хаты табысталды.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    ЕЛ ҚОРҒАНЫ – МЕДЕТБЕК

    ЕЛ ҚОРҒАНЫ – МЕДЕТБЕК

    4 weeks ago
    Оқырманға жол тартты

    Оқырманға жол тартты

    7 months ago
    Ирригация және дренаж жүйелерін жаңғырту мәселесі талқыланды

    Ирригация және дренаж жүйелерін жаңғырту мәселесі талқыланды

    2 years ago
    Өңірде 140 нысанға аудиторлық тексеріс жүргізілді

    Өңірде 140 нысанға аудиторлық тексеріс жүргізілді

    8 months ago
    Заң шеңберінде шешіледі

    Заң шеңберінде шешіледі

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>