-13 °c
Qonaev
Monday, June 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қаскелеңде заманауи перинаталды орталық ашылады

    22.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық
    Қаскелеңде заманауи перинаталды орталық ашылады
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Алматы іргесіндегі өндірісі өркендеген өңір- Қарасай ауданы. 352 мың халқы бар аймақта 18 ірі өндіріс ошағы жұмыс жасайды. Сонымен қатар, 7 бірдей жүйе құраушы кәсіп оны тағы бар. Өткен жылы ауданда өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 9,4%-ға өсіп, 622 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
    Аудан басшысы былтыр Шамалғанда Қазақстандық құбыр арматурасы зауыты салынып, 80 адам жұмысқа тұрса, Сауыншы ауылында «BMG Holdinq» компаниясының сэндевич-панель шығаратын зауыты іске қосылып, 60 адам еңбекке тарылғанын жеткізді. Сәйкесінше, ұлу жылы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 224,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 40,4%-ға өскен.
    Қарасайдағы қуатты өндірісті қамтыйтын ең ірі жобаның бірі, Оңтүстік Кореялық «KT&G» компаниясының зауыты. Жоба құны 80 млрд. теңге болатын бұл нысан ақпан айында қолданысқа өтіп, 300 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.
    – «Жармұхамбет ауылында құны 15 млрд. теңгені құрайтын «ROIR» компаниясының шағын индустриялық аймағы ашылады. Сондай-ақ, «Бурундай контейнер Терминал» компаниясының көп салалы контейнерлік терминалы салынады. Жалпы, 2025 жылы 20-ға жуық жаңа инвестициялық жобалар іске асырылады», – деді Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов.
    Қарасай ауданында ірі бизнеспен қатар шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Қазіргі таңда ауданда аталған салада 32 827 субъект тіркеліп, 55 250 астам тұрғынды жұмыспен қамтыды. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен 252 млрд теңгеге өнім шығарылды.
    Жасұлан Тоққожаұлының айтуынша, аудандағы маңызды мәселенің бірі білім саласы. 2024 жылы “Жайлы мектеп” Ұлттық жобасы аясында Қаскелең қаласы, Қошмамбет, Елтай, Долан, Көкөзек және Кемертоған ауылдарында жалпы 8100 балаға арналған жаңа форматтағы 6 мектеп қолданысқа берілді. Нәтижесінде аудандағы үш ауысымды мектептердің саны соңғы 2 жылда 12-ден 3-ке азайған.
    Баспасөз мәслихаты барысында Жасұлан Тоққожаұлы, Қаскелең қаласында заманауи перенаталды орталығының және бір күнде 500 келушіге арналған көп салалық емханана салынатынын айтты.
    Аудан әкімі коммуналдық шаруашылық саласына да тоқталды. Сөзіне сенсек, ауыз судан тапшылық жоқ. Жаңатұрмыс және Қаратөбе ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
    2025 жылғы бюджетте 4 елдімекеннің ауыз су жүйелерінің бастапқы құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Оған қазынадан 1,8 млрд. теңге бөлінді Сонымен қатар, Қаскелең топтық су құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде 1 қала мен 17 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Әкім мырза, өзі басқаратын ауданда энергия тапшылығының барын жоққа шығармады. Алайда, мәселе жуық арада шешімін табады деп сендірді.
    Сөз соңында, спикер, күре жолдың тағдырына тоқталды. Оның сөзіне сүйенсек, 2024 жылы ауданның жолдарын жөндеуге 2,9 млрд. теңге қарастырылып, 28 елді мекеннің 60 көше, барлығы 71 шақырым жол жөнделген.
    – «Қазіргі таңда аудандық маңызы бар 1115 шақырым жолдардың 421 шақырымы жөнделген, 694 шақырым жөндеуді қажет етед», деп қорытындылады аудан әкімі Жасұлан Естенов.

    Ұсынымдар

    Үкімет жанармай қымбаттауының инфляцияға әсерін азайту шараларын қабылдайды

    Үкімет жанармай қымбаттауының инфляцияға әсерін азайту шараларын қабылдайды

    2 years ago
    «Сайлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет»

    «Сайлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет»

    1 year ago
    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    Кеген мен Райымбек аудандарына газ құбырын тарту құжаттары әзірленіп жатыр

    2 years ago
    Алғыс арқалаған

    Алғыс арқалаған

    3 months ago
    Мәмілегер қала

    Мәмілегер қала

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>