-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Коньки турнирі мәресіне жетті

    30.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Коньки турнирі мәресіне жетті
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Коньки спортының жастар арасындағы турнирі өз мәресіне жетті. Сайыс Қонаев шаһарындағы №5 қалалық жағажайдың мұз айдынында ұйымдастырылды. Қатысушылар 100 метрге жүгіру және 400 метрге командалық эстафета сынды дода бойынша сынға түсті. Білім ошақтарының 50-ден аса білімгерлері бақ сынады..
    Алдымен спорт фестивальінде Қонаев қаласы әкімдігі мен Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Ұйымдастырушылардың сөзінше, іс-шараның негізгі мақсаты – жас студенттерді дене шынықтыру мен спортқа жүйелі түрде баулу, конькимен сырғанау спортын кеңінен насихаттау.
    «Аталмыш қысқы спорт сайысы жас қыздар ұлдарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сондай-ақ, үздік спортышларды анықтауға көмектеседі. Жақында мұз айдынының ашылуы баршаға үлкен қуаныш сыйлады. Тек спортта емес, демалыс үшін де жақсы алаң болатыны сөзсіз. Көк мұзда, таза ауады сырғанау, көңіл-күйдің де жақсаруына көмектеседі», – деді Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков.
    Додада өз жас санатында жекелей сында №1 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің атынан шыққан Нұрдәулет Екпінбай жеңімпаз атанды. Қыздар арасында А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп білімгері Жібек Нұртілеу мәре сызығын бірінші болып кесті.
    «Конькимен сырғанау бала кезден мен үшін сүйікті іс. Мұз айдынының ашылғанына бек қуаныштымын. Біз достарымызбен жиі келеміз. Бұл эктремальді спорт түрі болған соң керемет сезім сыйлайды. Бала кезден конькимен сырғанап жүрсем де, сайысқа бірінше рет қатысыпе отырмын. Жеңімпаздардың қатарында көрінгеніме шынайы қуанып тұрмын. Сайыс ұйымдастырушыларына көп рақмет!», – деді Жібек Нұртілеу.
    9-11 сынып оқушылары арасында бірінші болып 100 метр қашықтықты бағындырғандар: А.Жұбанов атындағы №5 орта мектептің оқушысы Руслан Қойчиманов пен Қонаев атындағы орта мектептің оқушысы Жасмин Жабықбай.
    6-8 сынып оқушылары арасында өткен командалық эстафетада №3 жалпы орта білім беретін мектептің жас спортшылары үздік деп танылды.
    9-11 сынып оқушылары арасында 1 орынды №1 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің өкілдері иеленді.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында туризм қалай дамып жатыр?

    Алматы облысында туризм қалай дамып жатыр?

    3 months ago
    “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантына құжат қабылдау басталды

    “Тәуелсіздік ұрпақтары” грантына құжат қабылдау басталды

    2 years ago
    Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

    Алматы облысында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілуде

    9 months ago
    «Ділмәрлар» түсті сайысқа

    «Ділмәрлар» түсті сайысқа

    1 year ago
    Бердібек Соқпақбаевтың інісі референдумда таңдауын жасады

    Бердібек Соқпақбаевтың інісі референдумда таңдауын жасады

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>