-13 °c
Qonaev
Friday, May 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Мәдениет ошағы қайта жанданды

    08.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Мәдениет, Өңір тынысы
    Мәдениет ошағы қайта жанданды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Балқаш ауданына қарасты Ақжар, Жиделі ауылдық округіндегі Мәдениет үйлерінің күрделі жөндеу жұмысы толыққанды аяқталып, халық игілігіне берілді. Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген шара Ақжар ауылдық округінен бастау алды.

    Ақжар ауылдық Мәдениет үйінің ашылу салтанатына арнайы барған аудан әкімі Азат Құтпанбетов алдымен көпшілікті жаңа жылмен құттықтап, аудан көлемінде  15 Мәдениет үйі, 15 кітапхана және бір тарихи-өлкетану музейі халыққа қызмет көрсетіп тұрғанын жеткізді. Мәдени ошақтардың күрделі жөндеу жұмысына, заманауи үлгіде  жабдықталауына аса мән берілгенін тілге тиек етті. Ақжар ауылдық Мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмысын жүргізген «Бауыр Құрылыс Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Эльмира Сатыбалдиеваға ризашылығын білдірді.

    Келесі кезекте мәдени шараға арнайы барған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, кәсіподақ ұйымының төрағасы Самат Рақышев ізгі тілектерін арнап, аудан көлемінде ел игілігі үшін атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ Ақжар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Алтынбек Қанапияев, аналар атынан сөз алған Нұржамал Қасабекова мен ауданның Құрметті азаматы Ғалия Қалисанова ауыл көркін ажарландырып тұрған Мәдениет үйінің  күрделі жөндеу жұмысы сапалы аяқталғанына алғыстарын жаудырды.

    Бұдан соң жиналған қауым Жиделі ауылына атбасын бұрды. Бұл күнді асыға күткен жиделіліктер, аудан орталығынан келген қонақтар Мәдениет үйіне қадам баспас бұрын жаңартылып жасалған құрылыс нысанының лентасын салтанатты түрде кесіп, салтанатты шараны әрмен қарай жалғастырды.

    Қуаныштарын жасыра алмаған ақжаулықты аналар қауымы шашу шашып, Жиделі орта мектебінің оқушылары өлең оқып, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

    Аудан басшысы Азат Үкітайұлы өз сөзінде кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін айта келіп, ауыл тіршілігіне нәр беретін мәдени ошақтың қайта жандануымен тұрғындарды құттықтады.  Нысанның құрылыс жұмысын «ТУНАС» ЖШС жүргізгенін атап өтіп, серіктестік директоры Намазтай Түлкібаевқа аудан халқы атынан алғысын білдірді.

    Жиделі Мәдениет үйінің ғимараты 1965 жылы салынған болатын. Мұның алдында күрделі жөндеу жұмысы 2005 жылы жүргізілген. Ауылдық мәдениет ошағын күрделі жөндеуден өткізу керектігі туралы мәселе аудан әкімінің халықпен кездесулерінде бірнеше мәрте көтерілген болатын. Тұрғындар тілегі ескеріліп, 2022 жылы Мәдениет үйінің жобалық-сметалық құжаттамасының оң қорытындысы алынып, былтыр күрделі жөндеуге қаржы бөлінді. Міне, енді ел игілігіне беріліп отыр.

    Салтанатты шарада тұрғындар атынан сөз алған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғыс Байсынов пен аналар кеңесінің төрайымы Күлмария Абирова көптен күткен жайдарман жаңалықтың жаңа жылда орындалғанын жақсылыққа балап, Мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтуіне ықпал жасаған аудан басшылығына ризашылығын жеткізді.

    Қуанышқа  ортақтасқан аудан өнерпаздары сахна төрінде әуелете ән шырқап, мерекелік шараның көрігін қыздыра түсті.

    Бақтығали ДӘУІТБАЕВ,

    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Баспасөз ұлттық мүддеге қызмет етеді

    Баспасөз ұлттық мүддеге қызмет етеді

    1 year ago
    Премьер-министр Қонаев және Алатау қалаларын дамыту жоспарымен танысты

    Алатау қаласының Бас жоспары бекітілді

    12 months ago
    Сайланудың жөні бөлек

    Сайланудың жөні бөлек

    2 years ago
    Өмір – көш жылжыған баяу ғана

    Өмір – көш жылжыған баяу ғана

    4 months ago
    Сынаққа сынбаған

    Сынаққа сынбаған

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.