-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сарбаздар ант қабылдады

    31.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Сарбаздар ант қабылдады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Алатау қаласы «Заречный» шағынауданында орна­лас­қан 3660 әскери бөлімінің жас сарбаздары әскери ант қабылдады. Әскери өмірге қадам басқан 253 сарбаз Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Алматы, Жетісу облыстары мен Астана қаласынан шақырылған. Олар әскери бөлімде жасақталған оқу пунктінде екі ай көлемінде алғашқы дайындықтан өтті.

    Салтанатты шараға әскери бөлім­нің ардагерлері, жас сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары қонақ ретінде қатысып, ұлдарының қолдарына қару алып, әскери өмірге нық қадам басып, елдің аманатын, Отанымыздың тыныштығын қорғайтын нағыз жауынгер болуына ант беру сәтінің куәсі болды.
    Ант қабылдау рәсіміне арнайы келген 3660 әскери бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы майор Жандарбек Ысқақов: «Отанын сүю, елін қорғай білу, жауынгерлік әдіс-тәсілдерді меңгеру – жігітке тән қасиет. Бұл қасиеттер жалындаған жастардың бойынан табылуы тиіс. «Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, мен жастарға сенемін!» деп Мағжан атамыз айтпақшы, жастардың Отан қорғауға келуі бізді қуантады. Жас сарбаздардың әскери қызметін абыроймен өтеулеріне тілекшімін», – деді.
    Әскери бөлімнің командирі, подполковник Ерлік Оспанқұлов: «Жауынгер өмірінде бір рет қана ант береді. Бұл – жас жауынгерлер үшін ұмытылмайтын мереке. Әскери ант қабылдау – Отаныңа, халқыңа ақтық демің қалғанша адал қызмет ету, ел басына күн туғанда қиындыққа мойымау, қажет жерде жан қию деген сөз. Ант – адалдық рухы, халқымыз анттан аттағаның – ардан аттағаның деген. Артылған аманат пен жүктелген сенімді абыроймен атқарады деп өздеріңе сенеміз. Ұлттық ұлан қатарын­да қасиетті борыштарыңызды қырағы­лықпен, батылдықпен атқарып, аман-есен отбасыларыңа оралу­ларыңызға тілектеспін», – деген құттықтауын арнады.
    Ант қабылдау рәсімінен кейін жас сарбаздардың алыс-жақыннан келген ата-аналары мен жақын туыстары бөлім басшыларымен сұхбаттасып, көкейкесті сұрақтарына жауап алды. Айта кетейік, әскери ант қабылдаған жас сарбаздар енді «Заречный» шағынауданында жауынгерлік қызмет атқара­тын болады.

    Әлия Абдығалиева,
    «Заречный» шағынауданындағы 3660 әскери бөлімінің лейтенанты
    Алатау қаласы

    Ұсынымдар

    Қамқор еді халқына

    Зәкең екі сөйлемейтін

    8 months ago
    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    У ПОДВИГА НЕТ СРОКА ДАВНОСТИ

    1 year ago
    ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМИДЫ

    ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ДАМИДЫ

    6 months ago
    “Ерекше” балалар лагерінің жазғы маусымы аяқталды

    “Ерекше” балалар лагерінің жазғы маусымы аяқталды

    10 months ago
    Қарасай ауданында экономикалық даму қарқыны жоғары

    Қарасай ауданында экономикалық даму қарқыны жоғары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.