-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шахматшы ата

    20.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Шахматшы ата
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Ахат аға Солтанқұлов – жасы 77-ге таяса да белсенді өмір салтын ұстанатын ардагер. Зейнеткерлікке шыққанға дейін түрлі мекемеде басшылық қызмет атқарып, Талғар қаласының әкімі болған. Жастайынан ақыл-ойдың ойыны саналатын шахматқа өте әуес болып өскен ол қай қызметте жүрсе де бұл ойынды тастамаған. Соның арқасында аудандық, облыстық, тіпті республикалық додаларда жүлдегер, жеңімпаз атанып, әсіресе Талғар ауданындағы әуесқой және кәсіби шахматшыларға  есімі кеңінен танылған және ауданда шахматты дамытуға өзіндік үлес қосқан тәжірибелі шахматшы.

    Бүгінде сексеннің сеңгіріне жақындаса да Талғар аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы ретінде қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген ағамыз сонымен бірге аудандық шахмат федерациясының атқарушы директоры қызметін атқарады. Оның үстіне «Өнерді үйрен де жирен» демекші, балалардың шығармашылығын дамытатын «Пифагор академиясы» білім беру орталығында балабақша жасындағы бүлдіршіндерден бастап, мектеп оқушыларына дейін шахмат ойынын үйретеді.

    – Әрине, үйірмеге келген балалардың бәрі мықты шахматшы болып кете бермейді. Бірақ, шахмат ойынының ережесін, басты талаптарын үйреніп шығады. Соңғы үш-төрт жылда біздің академияда жүздей бала шахмат ойынын меңгерді. Олардың көбі 3-ші, 4-ші разрядты ойыншы деңгейіне дейін жетті, ал оншақты бала 1-ші, 2-ші  разряд нормаларын орындады. Біз олармен әрі қарай жұмыс істеп, шеберліктерін шыңдай түсеміз.

    Жалпы, Талғар ауданы бойынша 15-тей шахмат ойынын үйрететін, соның ішінде қалада – 6, Тұздыбастау ауылында – 3 және Белбұлақ, Бесағаш, Қызылқайрат ауылдарының әрқайсысында бір-екіден үйірмелер бар. Солардың арқасында ауданда шахмат ойыны қарқынды дамып келеді. Енді шалғай ауылдарда да ашуды қолға алмақпыз. Өйткені Президентіміздің өзі «Қазақстан шахмат ойыны дамыған 10 елдің қатарына енуі керек» деген талап қойып отыр. Ол орынды да. Себебі, шахмат – балалардың ойлау қабілетін дамыту арқылы ақыл-ойының толысуына, жоспарлы әрекет етуіне, сабырлы, ұстамды мінез қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Талғарда орта ғасырлардың  өзінде шахмат ойыны болған, – дейді ардагер ақсақал, балаларды шахмат ойнауға баулып жүрген байыпты бапкер.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ,

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Ауылды аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекіді

    Ауылды аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекіді

    2 years ago
    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    Қонаевтағы форумда БАҚ пен өңір туризмін дамыту жайы талқыланды

    2 years ago
    Татулық тірегі

    Татулық тірегі

    2 weeks ago
    Батыр ағам дәстүрге берік еді

    Батыр ағам дәстүрге берік еді

    6 months ago
    Газ тарату стансасы іске қосылды

    Газ тарату стансасы іске қосылды

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.