☀️
3°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    Шаруа қожалықтарын аралады

    15.01.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    Шаруа қожалықтарын аралады
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қаңтардың сары аязы сақылдап тұрған шақта қиыр қонып, шет жайлаған малшы қауымның жайын білу маңызды. Олардың қыстан қысылмай шығуы үшін қандай қажеттіліктері бар екенін білу мақсатында Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев малшы қауымның тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Өңір басшысымен бірге аудан әкімінің орынбасары Мұхтар Батырханұлы, Тасашы ауылдық округінің әкімі Ерболат Төребаев округке қарасты шаруа қожалық қыстауларын аралады.

    Шаруашылықтарды аралау барысында өңір басшысы ірілі-ұсақты мал бордақылау алаңдарында болып, қожалық иелеріне мемлекеттік бағдарламалар және субсидиялар туралы түсіндірді. Шаруалардың қарауындағы малдарын жүдетпей, қыстан шығынсыз шығару үшін табиғи жайылымдарды тиімді пайдаланып, қолдағы жем-шөбін үнемді қолдану керектігін айтты. Сонымен қатар, алдағы айрықша кезең – мал төлдету науқанына да дайындық жасау қажеттігін еске салды. Қора-жайдың қолайлылығы, жем-шөптің жеткіліктілігі жайын сұрап, малшы қауымды алаңдататын мәселелерге де назар аударды.

    Аудан әкімі Ақтасты ауылына қарасты Айгүл Мәшінбаева төрағалық ететін «Дидар» шаруа қожалығына да ат басын бұрды. Бұл шаруа қожалықта 350 аналық архар-меринос қойы, 50 бас ірі қара, 40 бас жылқы бағылуда. Айгүл Оспанәліқызы мал азығы жеткілікті екенін айтып, алдағы уақытта мемлекет тарапынан шаруаларға көрсетіліп жатқан қолдауларды тиімді пайдаланатынын жеткізді.

    Аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев өз сөзінде:

    – Шаруалардың азық-түлігі, малының жем-шөбі, отын-суы жеткілікті болуы қажет. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдері мен мал дәрігерлері шаруалармен жиі байланыста болулары тиіс, – деді.

    Аудан әкімі бастаған топ Кеген, Жалағаш ауылдық округтеріне қарасты шаруа қожалықтарын да аралады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ,

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Сообщение территориальной избирательной комиссии Алматинской области

    1 year ago
    ҚЫС ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

    ҚЫС ҚАМЫН ЖАЗ ОЙЛА

    1 year ago
    Боралдай аэродромында өрт сөндіру жаттығуы өтті

    Боралдай аэродромында өрт сөндіру жаттығуы өтті

    1 year ago
    Келер ұрпаққа таза табиғат қалдырайық!

    Келер ұрпаққа таза табиғат қалдырайық!

    2 years ago
    Қызыққа толы күндер

    Қызыққа толы күндер

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>