-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Шелек шырайланып келеді

    21.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Шелек шырайланып келеді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Шелек ауылы – тек Алматы облысында ғана емес, Қазақстандағы ең үлкен елдімекен. Кеңес заманында қамыс өңдеу зауытының арқасында аты шыққан. Аудан таратылғанға дейін темекі өсіретін кеңшарлардың орталығы болған. Заманның өзгеруіне қарай 30 мыңнан аса халқы бар Шелек тірек ауылдың қатарына енді. Соңғы жылдары қанатын кеңге жайып, әлеуеті артып келеді.

    Ауылда халық игілігі үшін атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар аз емес. Мәселен, орталық саябақта Жақсылық Үшкемпіров атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жаңа ғимарат жастардың спортпен шұғылдануына жол ашты. Абай атындағы білім шаңырағы күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғырды. Әбдуәли Қайдар атындағы жаңа қазақ орта мектебі оқушыларға есігін айқара ашты. Сондай-ақ аталған елдімекенде инвесторлардың көмегімен өндірістік кәсіпорын, логистикалық орталық шоғырланбақшы. Соның арқасында шағын және орта бизнес дамитын болады. Тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында құбырлар және кәріз жүйелерін жүргізу қолға алынып жатыр. Бұл жұмыс «Ай-су мелиорация» ЖШС-на жүктелген.
    Қ.Бижанов атындағы орта мектепке құны 829, 051 мың теңгеге қосымша спорт және акт залын салу жұмыстарын «СЕМ – Шоғы Құрылыс Сервис» ЖШС өз міндетіне алды. «Шаған тоғай» саябағы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілмекші. Ауыл көшелеріне асфальт төсеу жұмыстары жалғасуда. Тұрғын үйлердің құрылысы да жоспарға сай жүріп жатыр.
    Шелек ауылында №2 аудандық ауру­хана, емхана, сот, прокуратура, полиция, Халыққа қызмет көрсету орта­лығы, азаматтық хал актілерін тіркеу, архив бөлімдері бар. Сегіз орта мектеп, медициналық және политехникалық колледж, мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар, балалар үйі, Мәдениет үйі, модельді кітапхана, тарихи-өлкетану музейі, бес мешіт тұрғындарға қызмет көрсетуде. Тағы бір қуанышты жаңалықты айтпай кетуге болмас, ел тілегі орындалып, 300 орынды жаңа аурухана салу жөнінде облысты мәслихаттың шешімі шығып, оның жобалау-сметалық құжатына қаржы бөлінетін болды. «Жақсылықтың ерте-кеші жоқ» деген осы.
    Жыл өткен сайын Шелек шырайланып келеді. Олай болса, «Ауылына қарап, азаматын танитын» дәрежеге жетейік. Әр отбасы өз үйінің аулаларын таза ұстап, қоршаған ортаны аяласа, ауыл ажары одан сайын құлпыра түсетіні анық.

    Анарбек БЕРДІБАЕВ,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаев әкімі: Халық үнін билікке жеткізетін жандарды таңдауда қателеспейік

    Қонаев әкімі: Халық үнін билікке жеткізетін жандарды таңдауда қателеспейік

    2 years ago
    Президент: Біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

    Президент: Тасқынға қатысты дүрбелең тудыратындарға шара қолданылады

    1 year ago
    Теорияны тәжірибемен ұштастырған

    Теорияны тәжірибемен ұштастырған

    6 months ago
    Заң шеңберінде шешіледі

    Заң шеңберінде шешіледі

    6 months ago
    Президент бірқатар заңға қол қойды

    Президент бірқатар заңға қол қойды

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>