-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Талғар ауданында инвестиция 124,6 млрд теңгеге жетті

    28.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Өңір тынысы, Экономика
    Талғар ауданында инвестиция 124,6 млрд теңгеге жетті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Талғар ауданы Алматы облысының экономикалық донорына айналып келеді. Бұл туралы аудан әкімі Танат Айдарбеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Олай айтуға негіз де жоқ емес. 2024 жылы жергілікті бюджетке 31,2 млрд. теңге түсімдер жиналып, жоспар 104.% орындалды.
    Салық базасын ұлғайту мақсатында бюджетке 732 млн. теңге түсті. Бюджет шығындарының көлемі 20,1 млрд. теңгеге жетіп, жоспар 93,7 %-ға игерілген жайы бар. Өндірісі де өркендеген. Өндіріс көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 11,4 млрд. теңгеге артып, 99,1 млрд. теңгеге жеткізілді.
    7 жаңа өндіріс орындары ашылып, 101 адам жұмыспен қамтылды, барлығы 8,6 млрд. теңге инвестиция тартылды. ШОБ ісі де алға басқан. Бүгінгі күні ауданда 22 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектісі жұмыс істейді.
    Танат Есенкелдіұлының айтуынша, кәсіпорындар санының артуымен қатар олар өндіретін өнім көлемі де ұлғайып келеді. Бүгінде бұл көрсеткіш 358,1 млрд. теңгені құрап, бюджетке 30,4 млрд. теңге түсімдер жиналған. Ол жалпы бюджеттің 20,3 пайызын, аудандық бюджеттің 85 пайызын құрайды.
    «Әр жылдардағы тәжірибеге сүйенсек нарық кезеңінде экономиканың өрлеуі инвестицияның өсуіне байланысты болады. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 124,6 млрд. теңгеге жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 16,9 млрд. теңгеге көп», – дейді Талғар ауданының әкімі Танат Айдарбеков.

    Өндірісі ілгері басқан өңірде құрылыс қарқынды. Былтыр ауданда құрылысқа 60,6 млрд. теңге жұмсалып, 2024 жылы 287,1 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген.
    Бүгінгі күні Талғар қаласында 9 қабатты 72 пәтерлік 3 тұрғынүйдің және аудан бойынша 10 жеке тұрғын үй кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
    Аудан басшысы комуналдық мәселелер де өз ретімен шешімін тауып жатыр дейді. Соның ішінде ауыз судан тапшылық жоқ екеніне сендірді. Бүгінгі күнге 46 елдімекеннің 45-і орталықтандырылған су жүйесіне қосылған, яғни қамту деңгейі 97,8 пайызды құрайды. Ал, көгілдір отынды аудандағы 31 елді мекеннің халқы тұтынып отыр.
    «Кіші Байсерке, Еламан, Көктал, Төңкеріс, Арқабай ауылдарында газдандыру жұмыстары жүргізілуде», – деп атап өтті Танат Есенкелдіұлы.
    Ауданның айнасы саналатын жол саласында да бірталай істер атқарылған. Өңірдегі жолдардың жақсы жағдайдағы үлесі 65 %-дан 67%-ға өсті. Жол жөндеу жұмыстарына тоқталсақ, 2024 жылы бюджеттен 2,4 млрд. теңге қаражат қарастырылып, 63,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, 22 жарықтандырылған жаяу жүргіншілер өткелі, 40 аялдама, 3 бағдаршам орнатылып, бүгінгі күні іске қосылды.

    Ұсынымдар

    Облыс әкімі тұрғындарды республика күнімен құттықтады

    Алматы облысы әкімінің Конституция күнімен құттықтауы

    9 months ago
    Үкімет ұсынған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев

    Үкімет ұсынған қосымша құн салығының мөлшерлемесі тым жоғары – Тоқаев

    4 months ago
    Күршім көпірі іске қосылғаннан кейін төрт айдан соң: Шығыс Қазақстан дамуының жаңа кезеңі

    Күршім көпірі іске қосылғаннан кейін төрт айдан соң: Шығыс Қазақстан дамуының жаңа кезеңі

    4 months ago
    Президент Алматы облысының әкімін қабылдады

    Президент Алматы облысының әкімін қабылдады

    12 months ago
    5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

    5 МАМЫР — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКУШЕРЛЕР КҮНІ

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.