[um_weather city="Қонаев"]
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Тіл саясаты тиімді жүргізіліп келеді

    03.01.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл, Сұхбат
    Тіл саясаты тиімді жүргізіліп келеді
    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Ана тілі” газетіне берген мақаласы жарық көрді. Ел басшысы мақала да біраз мәселелерге тоқталып, бірыңғай уақыт белдеуі туралы, Талғардағы қылмыстық оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді. Әсіресе, Мемлекеттік тілге қатысты: “Қазақ тілінің бәсекеге қабілеті және оны үйренуге деген қызығушылық барынша артып келеді. Ең бастысы, қазақ тілін білу сәнге айналды, жастарымыз оны меңгеруге ұмтылатын болды. Мемлекеттік тіл азаматтардың қызмет бабында өсуіне және табысқа жетуіне жол ашатын маңызды фактор саналады. Еліміздің бизнес өкілдері маркетинг саласындағы науқандарын қазақ тілінде сөйлейтін тұтынушылардың сұранысына қарай өткізетін болды. Мұның бәрі мемлекеттің өте абай болуды қажет ететін әрі саяси тұрғыдан маңызды саналатын осы саладағы саясаты тиімді жүргізіліп жатқанын көрсетеді”, – деді Президент. Мемлекет басшысы дүние жүзінде 7 мыңнан астам тіл бар екенін атап өтті. “Соның ішінде үш мыңнан астам тілге жойылып кету қаупі төніп тұр. Қазақ тілі бұл топқа кірмейді. Ана тіліміз 2024 жылы әлемде ең кең таралған тілдердің арасында 79-шы орынға тұрақтады. Осы ретте күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы кеңес заманында ана тілімізді әлемдік лингвистика картасынан жойылып кетуден сақтап қалған зиялы қауым өкілдерінің, ақын-жазушылардың, журналистер мен ғалымдардың, мұғалімдер мен мәдениет қайраткерлерінің, ауыл еңбеккерлерінің, яғни барша отаншыл азаматтардың еңбегін бағалауымыз керек. 2023 жылы “Қазақ тілі” қоғамының бастамасымен құрылған арнаулы қорға қолдау көрсету керек. Цифрлық технологияларды қолдануға баса мән берген жөн. Өйткені қазақ тілінің алдағы тағдыры, еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеті көбіне осыған байланысты болады”, – деді Мемлекет басшысы. Оның сөзінше, шығармашыл жастар және креативті индустрия мемлекеттік тілді дамыту ісіне пайдасын тигізе алады.
    Сондай-ақ, Президент елдегі бар жағдайды көріп-біліп отырғанын мәлімдеді.

    Қызыр Әбжанбаев,

    Сәдуақас Серкебаев атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аудандық әкелер кеңесінің төрағасы

    Ұсынымдар

    Өнер – ұлы құндылық

    Өнер – ұлы құндылық

    2 months ago
    5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

    5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

    2 years ago

    Мәңгі өшпейтін тағылым

    9 months ago
    Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

    Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

    2 years ago
    Ақпарат айдынында – жаңа телеарна!

    Ақпарат айдынында – жаңа телеарна!

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>