🌧️
15°C
Қонаев
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейді

    21.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Тоғызқұмалақ ойнайтындар көбейді
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

          Талғар ауданы Бесағаш ауылдық Мәдениет үйінде тоғызқұмалақтан облыстық чемпионат өтті. Аталған жарысты облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы және облыстық тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастырды.

    Жарыстың ашылу салтанатына «Respublica» партиясы Алматы облыстық фили­алының төрағасы, аймақтағы тоғыз­құмалақ федерациясының президенті Жарас Ниязбек, Талғар аудандық мәдениет, спорт және тілдерді дамыту бөлімі­­нің басшысы Фарида Бегенбаева, аудан­дық дене шынықтыру және спортты дамы­ту орталығының директоры Жандос Бұсырманов, шахматтан және үстел ойын­дарынан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Мерей Айнеков және басқа да мәртебелі меймандар қатысып, ұлттық спортымыздың тасын өрге домалатып, кеңінен насихаттап жүрген азаматтарға алғыс білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
    Үш күнге созылған бәсекеге аудандар мен Алатау, Қонаев қалаларынан шеберлік­терін шыңдап, әртүрлі деңгейдегі жарыс­тарда бақ сынап жүрген жас жігіттер мен қыздар және спорт ардагерлері қатысты. Жалпы 90-нан астам ойыншысы бар 11 команда тоғызқұмалақтың классикалық және блиц түрінен сынға түсті.
    Чемпионат қорытындысы бойынша, жарыстың классикалық түрінен ұлдар арасында Ернұр Батыр, Кенжебек Әлназаров, Нұрғиса Ахмет, Иманғали Оразбай жүлдегер атанса, қыздар арасында Мөлдір Байдәулетова, Томирис Дәулетбек, Ақерке Шамшархан, Меруерт Қуатқызы дара шықты.
    Блиц ойынынан ұлдар арасында тағы да Ернұр Батыр жеңімпаз атанса, 2-4 орындарға Әрсен Есентай, Иманғали Оразбай, Ислам Балағаз жайғасты. Ал қыздар арасында Ақнұр Мақсатқызы, Томирис Дәулетбек, Ақерке Шамшархан және Перизат Ермекқызы сәйкес орындарға ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтар, тиісті диплом және Алғыс хаттармен марапатталды.
    – Бұл жарыстың мақсаты – тоғыз­құмалақты облыс тұрғындарына кеңінен насихаттау, мықтыларды анықтау және қатысушылардың ойын дағдыларын жетілдіру. Аталған чемпионат ұлттық ойынымызды серік еткен үлкен-кіші жастағы жерлестеріміздің қатары жыл сайын көбейіп келе жатқанын көрсетті. Бұл біз үшін үлкен қуаныш әрі мәртебе, – деді тоғызқұмалақтан Алматы облысының аға жаттықтырушысы Болтай Адият.
    Иә, шынында да ұлттық спорт ойындары ұрпақ бойында адамгершілік қасиеттерді нығайтып, жас жеткіншектердің намысты, отаншыл болып өсуіне зор ықпал ететіні анық. Осы істі ұтымды ұйымдастырып, әлемдік және халықаралық жарыстарда ел мерейін үстем ететін болашақ чемпиондарды баптап жүрген жаттықтырушыларға, жетістіктер жолында тер төгіп жүрген спортшыларға толағай табыс тілейміз!

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Кісілік пен кішілік

    Кісілік пен кішілік

    2 months ago
    Ұйғыр ауданына биыл 3.5 млрд теңге инвестиция тартылды

    Ұйғыр ауданына биыл 3.5 млрд теңге инвестиция тартылды

    2 years ago
    Жаңа банкноттар таныстырылды

    Жаңа банкноттар таныстырылды

    2 years ago
    Ісімен үлгі

    Ісімен үлгі

    12 hours ago
    Жері – күрішті, елі – ырысты

    Жері – күрішті, елі – ырысты

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>