-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тұрғын үй бой көтеруде

    24.01.2025
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Тұрғын үй бой көтеруде
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ұйғыр ауданында тұрғын үй кезегінде 1664 азамат тұр. Оның 113-і жетім балалар болса, 441-і – көпбалалы аналар. Ал әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар саны – 811. Кезектегі 299 азамат – мемлекеттік қызметкерлер. Бұл қатарда 10-15 жылдан бері кезекте тұрғандар бар. Демек, Ұйғыр ауданындағы басты мәселенің бірі – тұрғын үй жайын шешу.

    Өткен жылы Ұйғыр ауданында 60 отбасы қоныстойын тойлады. 2006 жылы кезекке тұрған азаматтар 18 жылдан соң ғана үйлі болды. Ал сол кезде ата-анасынан тұл жетім болып қалған балалардың алды отбасылы, балалы-шағалы болған. Бұл осынша уақыт бойы Ұйғыр ауданында тұрғын үй салынбағанын аңғартады.

    Осы олқылықтың орнын толтыру үшін Ұйғыр ауданы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджеттен 654,6 миллион теңге қаражат қарастырылды. Бұл 1664 азаматтың мәселесін толықтай шешпесе де, бірқатар тұрғынның баспана жырына нүкте қоятыны анық. Аталмыш қаражатқа жеке инвестор «КомпанияСтройиндустрия» ЖШС тарапынан салынатын 40 тұрғын үйдің құрылысы өткен жылдың қазан айында басталды. Ол үшін 1,5 гектар жер телімі қарастырылған болатын. Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылында құрылысы басталған 40 үйдің жалпы ауданы 2560,0 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмысы алғашқы күннен-ақ үлкен қарқынмен басталды. Инвестор компания бірер айдың ішінде ауданы 64,0 шаршы метрлік 40 баспананың іргетасын құйып, қабырғасын көтеріп, шатырын жауып, тіпті сыртқы әрлеу жұмысын да аяқтады. Үйлер қоршалып, әрқайсысына 0,375 га жер телімі бөлінген.

    Қатты отынмен жылытылатын баспаналардың барлығының ішкі әктеп, сырлау жұмыстары да аяқталуға жақын. Енді бірер айда алды 20 жылға жуық кезек күтіп, күдерін үзе бастаған жандар үйлі болмақ. Тағы бір айта кетерлігі, бір шаршы метр құны 250 мың шамасында болатын тұрғын үйлер кезектегі азаматтарға ешқандай артық төлемсіз несиеге берілмек. Бұл да болса пәтер жалдап, барын басқаның қалтасына салғаннан артық. Бастысы, әр жанның «өз үйі, өлең төсегі» болмақ.

    Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Бауыржан Қашқынбаевтың айтуынша, алдағы уақытта Ұйғыр ауданындағы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың проблемасын шешу мақсатында көпқабатты бірнеше үй бой көтермек. Оның бірінің қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатыр.

    Иә, баспанасы жоқтың бас қайғысы көп. Сондықтан баспана жайы басты кезекте шешілуі керек. Лайым, Қарадала төсінде қоныстойын тойлайтын отбасылар саны көп болғай!

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта республикадағы ең үлкен скейт алаң салынды

    Қонаевта республикадағы ең үлкен скейт алаң салынды

    2 years ago
    2023 жылы Алматы облысының азаматтарына МӘСҚ – тан 50,1 млрд теңге төленді

    МӘМС: 2024 жылы Қорға жиі қойылған сұрақтар

    2 months ago
    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    Алматы облысының тұрғындары газ бағасының қымбаттағанына наразы

    2 years ago
    Тұмауға қарсы екпе салу басталды

    Тұмауға қарсы екпе салу басталды

    2 years ago
    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>