-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады

    30.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Энергетика
    Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    Алматы облысындағы аграрлы өңірдің қатарында Ұйғыр ауданы да бар. Бау-бақша өнімдерін өсіріп, төрт түлікті түлетіп отырған өңірде былтыр 12 829 тонна көкөніс жиналды, орташа өнімділік гектарына 278 центнерге жетті. Сонымен қатар, 31 мың тоннадан астам жүгері, 2 мың тоннадан артық картоп пен 20 тонна майлы дақыл жиналып, диқандар мол өнім алды.

    Облыстың БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Бота Елеусізова, 2025 жылы Қарадала өңірінде ауыл шаруашылық дақылдар егілетін жер – 23 265 га, азықтық дақылдар көлемі – 14 997 га болып жалпы егістік көлемі 2000 гектарға дейін ұлғаятынын айтты.

    Айта кетейік, Ұйғыр ауданында 2024 жылы 1386 га жер су үнемдейтін технологиялар арқылы суғарылған еді. Биыл жаңа технология әдісі 3500 га жерге қолданылады деп күтілуде. Ауылдағы елдің әлеуметтік жағдайын жақсаруға негізделген « Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде 2024 жылы 12 адам 121 млн. теңге көлемінде несие алған.

    Аудан басшысы Бота Серікқызының сөзіне сүйенсек, аграрлық секторда 50 млрд 274 млн теңгелік жалпы ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, нақты индекс көлемі 95,5 пайызға жетті. Айқын көрсеткіштер, өңдеу өнеркәсібіне де тиесілі, бұл бағытта нәтежиелі істер атқарылып, 22 млрд. 511 млн. теңгенің өнімі өндірілді.

    Өткен жыл Қарадала жұрты үшін жаман болған жоқ. Әсіресе, инвестиция тарту бойынша аймақ көшбасшыларджың қатарында. Мұндағы нақты индекс көлемі 107 пайызды көрсетуде.

    «Ауданымыздың арнайы жол картас әзірленіп, оған 87 ең маңызды мәселе енгізілді. 14 жағдайдың түйіні тарқатылды. Қалған істер ол құылыс-монтаждау жұмыстарына, жобалық сметалық құжаттарға байланысты»,дейді аудан әкімі Бота Елеусізова.

    Баспасөз мәслихаты барысында, аудан басшысы құрылыс жұмыстарына ерекше тоқталды. Осыдан 4 жыл бұрын ірге тасы қаланып басталған Шонжы ауылындағы №1-ші 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталған. Сондай-ақ, Халықтың әлеуметтік осал топтарына 654,4 млн. теңгеге Шонжы ауылынан 40 үй сатып алыныпты. Сонымен қатар, 2019 жылдың қазан айында құрылысы басталапы, соңына дейін жетпеген Дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жұмысы қайта жанданып жатыр екен. Ол үшін қазынадан 617 млн. теңге бөлінген. Бұдан бөлек, үш ауысымды оқытуды шешу мақсатында Шонжы ауылында 2024 жылы 1500 орындық жаңа орта мектеп қолданысқа берілгенін, аудан әкімі тілге тиек етті.

    Баспсөз мәслихатында БАҚ өкілдері ауданның күре жолына қатысты сауал жолдады. Ұйғыр ауданының әкіім Бота Серікқызы, былтыр ауданда жалпы 21,2 шақырым жол орташа жөндеуден өткенін алға тартты.

    «Аудан бойынша автокөлік жолдардың ұзындығы 1123 шақырым. Ағымдағы жылы Шонжы, Үлкен Ақсу, Ақтам, Кіші Ақсу және Рахат ауылдарының жалпы 25 шақырым ішкі көше жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылды. Нәтижесінде қанағаттанарлық жол көлемін 81 пайызға ұлғайту жоспарлануда»,-деді өз сөзінде спикер.

    Баспасөз мәслихатының соңында аудан әкімі газдандыру жұмыстарына жеке тоқталды. Оный айтуынша, Қарадала жеріндегі барлық елді мекендер газдандырылуға жатады. Оның ішінде Шонжы ауылы орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда 2 815 жеке тұлға, 126 заңды тұлға көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.

    Алдағы уақытта таулы аймақта орналасқан елді мекендерді табиғи газ құбырына қосу мақсатында автоматтандырылған газ тарату станциясы салынбақ. 1 кезеңде Кіші дихан, Үлкен дихан, Қалжат, Кетпен ауылдарына газ құбырын тарту көзделген. Қалған елді мекендерді газдандыру кезең кезеңімен жүзеге асырылады.

    Ұсынымдар

    Су үнемдеуге мүмкіндік береді

    Су үнемдеуге мүмкіндік береді

    8 months ago
    Мемлекеттік сатып алуға қатысты шағым көп

    Мемлекеттік сатып алуға қатысты шағым көп

    11 months ago
    Бағыты айқын

    Бағыты айқын

    10 months ago
    Өмірдің өзі – қозғалыс

    Өмірдің өзі – қозғалыс

    2 months ago
    Алматы облысында аптап ыстық алдағы күндерде де сақталады

    Бүгін 11 аймақта аптап ыстық сақталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.