-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    «XXI ғасыр көшбасшысы» тележобасы экранға қайта оралады

    20.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    «XXI ғасыр көшбасшысы» тележобасы экранға қайта оралады
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Көпшілік көрерменге танымал оқушылар арасындағы «XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойыны телеэкранға жаңа форматта қайта оралады. «Хабар» агенттігі мен Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы бірлесіп, мегажобаны қайта жаңғыртуға кірісті. Жоба көктемнен бастап «Хабар» арнасының эфирінде көрсетіледі.

    Интеллектуалдық тележоба Мәдениет және ақпарат министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі, сондай-ақ Қазақстан Парламентінің Мәжілісі тарапынан қолдау тапты.

    Аталмыш жоба еліміздің болашақ көшбасшыларын тәрбиелеуге бағытталған жастар қозғалысы. Қазірдің өзінде жүздеген дарынды оқушы шақыруды қабылдап, қызықты интеллектуалдық ойынның қатысушыларына айналды. Әр облыстағы іріктеу кезеңдері 2024 жылдың қазан айында басталып кетті. Биыл наурыз айына дейін жалғасады. Әр облыстан іріктелген ең үздік бес оқушы республикалық кезеңге қатысуға мүмкіндік алады, ол осы жылдың сәуірінен маусым айына дейін өтеді.

    Жас дарындардың білімдері мен қабілеттерін жалпы бұқараға көрсетуге мүмкіндік беретін телевизиялық жоба «Хабар» агенттігінің 30 жылдығына орай өткізіліп отыр. Ең үздік үш жеңімпазға еліміздің жоғары оқу орындарында оқуға гранттар табысталады.

    Қазірдің өзінде Павлодар, Қарағанды, Абай, Ақмола, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қызылорда, Атырау және Маңғыстау облыстарынан, сондай-ақ Астана және Шымкент қалаларынан республикалық турға қатысатын үздік бестіктер анықталды. Алматы, Ақтөбе, Жетісу, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында іріктеу кезеңдері қаңтар-ақпан айларында өтеді.

    «XXI ғасыр көшбасшысы» — жас дарындарға жаңа мүмкіндіктер беретін бірегей алаң. Интеллектуалдық ойын білімді әрі талантты жастарды қоғамға таныстырып қана қоймай, шалғай елді мекендерден шыққан дарынды жасөспірімдер үшін үлкен әлеуметтік лифт болатынына сенім бар.

    Тележоба алғаш рет 25 жыл бұрын ұсынылған. Осы уақыт ішінде ол отандық телевидениеде үздіктердің бірі ретінде танылды. Бүгінде осы жобаға қатысқан көптеген жастар өз жолдарын тауып, өнер мен мәдениеттен бастап қоғамдық қызмет пен бизнеске дейін әр түрлі салаларда кәсіби маман ретінде танылды.

    Ұсынымдар

    Қайыңды көлі маңында автобус апатқа ұшырады

    Қайыңды көлі маңында автобус апатқа ұшырады

    2 years ago
    БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 700 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ТЕКСЕРУ ЖАСАЛМАҚ

    БИЫЛ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА 700 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ТЕКСЕРУ ЖАСАЛМАҚ

    2 weeks ago
    Соғыста жеңіс болмайды

    Майдангерлерге құрмет көрсетілді

    1 year ago
    Қонаевта бірнеше көше күрделі жөндеуден өтеді

    Қонаевта бірнеше көше күрделі жөндеуден өтеді

    1 year ago
    Туризм – табыстың қайнар көзі

    Туризм – табыстың қайнар көзі

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>