-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас балуандар бәсекесі

    10.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Боз кілемде белдесті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Облыстық полиция департаменті тәлімгерлер кеңесі төрағасының орынбасары, Қонаев қаласының Құрметті азаматы, қалалық ішкі істер органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Қалижан Алпысбаевтың 70 жасқа толуына орай дзюдодан жарыс өтті. Дүбірлі додаға аудандар мен Қонаев қаласынан 2011-2016 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

    Мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке зор үлес қосқан ардагерлерге құрмет көрсету.

    Қалижан Алпысбайұлы 1965 жылы 6 қаңтарда сол кездегі Шелек ауданы Жаңашаруа ауылында дүниеге келген. Шелектегі Абай атындағы орта мектепті тәмамдаған соң Отан алдындағы әскери борышын өтеген. 1978 жылы мамандандырылған күзет қызметінің Қонаев  қалалық бөлімінде абыройлы еңбек еткен.  1981-1984 жылдары қалалық ішкі істер басқармасында учаскелік инспектор, әкімшілік полиция бөлімінің және  «Жетісу күзет» полиция батальонының бастығы болып қызмет атқарған. Ішкі істер министрлігінің «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен, Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталған.

    Жарыстың ашылу салтанатында алғашқы сөз кезегін алған облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Тіленшин Ішкі істер министрінің орынбасары Адар Сайтбековтің Құттықтау хатын оқып беріп, өзінің жүрек түкпірінен шыққан жылы лебізін білдірді.

    – Қалижан Алпысбайұлының ішкі істер органдарындағы көп жылғы қызметі – ерлік, адалдық және кәсіби шеберліктің жарқын үлгісі. Ол біліктілігі мен қажырлы еңбегі арқылы  тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Құқықтық тәртіпті нығайту мен жас қызметкерлерді тәрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты, – деген басқарма басшысы оның әрдайым тәжірибелі тәлімгер болып қала беретінін баса айтты.

    Келесі кезекте жарыстың бас төрешісі Төлеген Сұлтанов спорттық бәсекенің мақсат-міндетіне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаев, Ауған соғысының ардагері, «Айбын» орденінің иегері Алдажар Сейітұлы, облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері, спорт ардагерлері өз салмақ дәрежелері бойынша жүлделі орын алған спортшыларға марапат табыстап, естелік суретке түсті.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ,

    Қонаев қаласы

     

    Ұсынымдар

    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    Бес нүкте – бес шеберлік сабағы

    8 months ago
    Жаңа мектеп бой көтерді

    Жаңа мектеп бой көтерді

    1 year ago
    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    Алматы облысында бәсекелестікті қорғау шаралары күшейтілуде

    9 months ago
    Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру

    Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде тіршілік қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру

    1 year ago
    Шекарашылар ант қабылдады

    Шекарашылар ант қабылдады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>