-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас сарбаздармен толықты

    29.01.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жас сарбаздармен толықты
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

           ҚР ҰҚК Шекара қызметі Алматы облысы бойынша шекара басқар­маларының техникалық және кәсіби даярлық бөлімдерінде ел шебіне қажет мамандық түрлерін меңгерген сарбаздар алыстағы шекара бөлімшелеріне аттанды. Оларды шекарашылармен бірге жергілікті әкімдіктің өкілдері де күтіп алды.

    Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының «Нарынқол», «Қостөбе», «Текес», «Сүмбе», «Сұңқар» және «Жазық» шек­ара бөлімшелері осы сәттен бастап, сарбаз­дардың екінші үйіне айналмақ. Мұнда олар­ды бірнеше аптаға созылатын «Қызметке тарту» дәрісі күтіп тұр. Шекара нарядтарына шығуды үйренген соң сарбаздарға ел шебін күзету секілді маңызды міндет сеніп тапсырылатын болады.
    Тағы бір айта кетерлігі, сарбаздармен тек шекара басқармасының офицерлері жұмыс істемейді, бұл іске шекарашы ардагерлердің «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалының мүшелері, ҰҚК Әскери полиция өкілдері тартылған. Құзырлы мекеменің қызметкерлері «Сарбазды ұрдың – түрмеге отырдың» тақырыбында алдын алу шарасын өткізсе, саналы ғұмырын шекара ісіне арнаған ардагерлеріміз жастарға өз ақыл-кеңесін айтты.
    – Бүгін бізге 70-ке тарта сарбаз келді. 30-ға жуығы «Қостөбе» шекара бөлім­шесінде қызмет атқаратын болады. Қалғандары өздерінің азаматтық борышын шекара басқармасының негізгі күші шоғырландырылған «Нарынқол» шекара бөлімшесінде өтейді. Оларды Райымбек ауданы әкімінің орынбасарлары Жанарбек Жақсылық пен Ғалым Жусанбаев қарсы алып, Нарынқол өңірінің халқы атынан ізгі тілектерін арнады, – деді «Нарынқол» шекара бөлімі бастығының орынбасары, штаб бастығы, майор Руслан Қыдырмолдаұлы.
    Рәсімнен кейін шекара бөлімшесінің асханасында сарбаздарға арнап мереке­лік дастарқан жайылды.
    Иә, шекараның күретамырына қан жүгіріп, жас сарбаздармен толықты. Мұнда олар үйренетін нәрсе көп. Ең бастысы, осы өңірдің аяулы перзенті, поэзия мұзбалағы, ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, олар Отанының шетіне қадам басты. Мұнда тыныштық. Бірақ қауіпті. Сосын да Тоныкөк бабамыз секілді «күн отырмайды, түн ұйықтамайды». Өйткені осы жерден күн шығып, осы жерден таңдары арайлап атады.

    Тамара ДӘУЛЕТБАЕВА
    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    «Таза Қазақстан»: Көшпенділер қаласының маңайы қоқыстан тазартылды

    «Таза Қазақстан»: Көшпенділер қаласының маңайы қоқыстан тазартылды

    8 months ago
    Қаржы қатаң бақылауда

    Қаржы қатаң бақылауда

    8 months ago
    Облыс әкімі ардагерлермен Қонаев қаласының бас жоспарын талқылады

    Алматы облысында «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды

    2 years ago
    Көкбастауда той-думан – Жамбыл ауданындағы Наурыз мерекесі

    Көкбастауда той-думан – Жамбыл ауданындағы Наурыз мерекесі

    2 years ago
    Мердігер компанияны сынға алды

    Мердігер компанияны сынға алды

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>