-13 °c
Qonaev
Sunday, June 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home БАҚ

    Жастарға сенім артылды

    03.01.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар, Лебіз, Сұхбат
    Жастарға сенім артылды
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ана тілі» газетіне берген сұхбатымен танысып шықтым. Көптеген өзекті мәселе қаузалыпты. Сұхбатта мемлекеттің қызметіне қатысты мұқият ойластырылған әрі маңызды мәселелер айтылған. Өткен жылға қорытынды жасалып, осы жылдың бағыт-бағдары да айқындалыпты. Еліміздің ішкі-сыртқы саясаты, мемлекеттік, қауіпсіздік, заң мен тәртіп, жастар, білім мәселелері көтерілген. Мемлекет басшысы журналистің барлық сауалына егжей-тегжейді ашық жауап беріпті. Көп дүниені аңғардық, алдымызға көптеген мақсаттар қойдық. Алдағы жылы Ұлы жеңістің 80 жылдығын атап өтетініміз, оны ұрпаққа өнеге ретінде ұлағатты, тағылымды шаралармен өткізетініміз де көңілге қонды. Әсіресе мемлекет басшысының жастар жайындағы толғамы жанымызға жақын тиді.

    «Қазақстанда дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп. Дәл сол себепті мен жастарға сенемін деп жалықпай айта беремін. Бір ғана тілегім, ақыл-кеңесім бар: жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын. Тәуелсіздік ұрпақтары қазірдің өзінде ғылым, спорт, бизнес, креативті индустрия және мемлекеттік қызмет саласында зор жетістіктерге жетіп жүр», – деді Мемлекет басшысы. Иә, расымен, қазір жастар еліміздің дамуына барынша үлес қосып, барлық салада табанды еңбек етуде. Әсіресе, тәуелсіздік ұрпақтары ойларын ашық айтып, пікірлерін ортаға салып, белсенді қазмет атқаруда. Солардың арасында өзім де бармын деп айта аламын. Жас болсам да «Amanat» партиясының аудандық филиалын басқаруды сеніп тапсырды. Бұл – мен үшін үлкен жауапкершілік. Сенім үдесінен шығу мен үшін басты мақсат. Еліміздің бас партиясы болғандықтан «Amanat»  партиясының аудандық филиалын басқару – мемлекет басшысының әрбір бағытты бағдарламалары мен Жолдауларын, халыққа үндеуін барынша қолдап, еліміздің дұрыс бағытта дамуына үлес қосу. Міне, осы үдеден шығу үшін де барымызды салудамыз. Мемлекет басшысының бұл сұхбатында «мен жастарға сенемін деп жалықпай айта баремін» деуі бізге тағы бір жауапкершілік жүгін арқалатқандай болды. Ендеше біз де сол сенімге селкеу түсірмей, еліміздің дамына үлес қоса берітінімізді жалықпай айта береміз.

    Нұрсұлтан Болатұлы,

    «Аманат» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы

    Ұсынымдар

    Жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жетті

    Жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жетті

    4 weeks ago
    Дәрігерлер 850 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    Дәрігерлер 850 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды

    2 years ago
    Әсет әндері әуеледі

    Әсет әндері әуеледі

    1 year ago
    Тиісті шешім қабылданды

    Тиісті шешім қабылданды

    6 months ago
    АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы

    АЭС – энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолы

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.