-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақ кимешек көрінсе…

    08.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Ақ кимешек көрінсе…
    0
    SHARES
    12
    VIEWS

           Қарасай ауданы Шамалған ауы­лын­­дағы «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Анам сыйға тартқан орамал» атты мәдени шара өтті. Халықаралық орамал күніне орай ұйым­­дас­тырылған мере­кеге ауданның ақ жау­лықты аналары мен қыз-келіншектері қатысты. Ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрдің бас­тауы болған аналар жастарға ғасырлар қойнауынан келе жатқан құндылық­тарды паш етті.

    Шарада ауданның ардагер аналары сөз алып, кимешек пен орамалдың мәні мен мағынасы жайлы кеңінен әңгіме қозғап, тарихи тың деректермен бөлісті. Тазалық пен иманның, сән-салтанаттың символы болған кимешек пен жаулық, орамалдардың сан түрі қойылған көрме көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнда тек ескі кимешектер ғана емес, заманауи жаңа баскиімдердің де үлгілері көптеп саналады. «Осыдан бес жыл бұрын «Анаға құрмет» музейінде осы халықаралық орамал­дар мерекесін алғаш рет өткізіп, аналар­дың қолдауына ие болған едім. Осы жылдар ішінде өткен кимешектер мен орамалдардың халықаралық, республикалық фестивальдары мен басқа да іс-шаралар өз нәтижесін берді. Жаһандану әсерінен өзге елдің салт-дәстүріне, мәдениетіне көзсіз еліктеп, өзіміздің асыл дүниелерімізден көз жазып, хиджаб, паранжа, никаб киетін жастар мен жасамыстарымыз көбейгені өкінішті. Осы орайда өзіміздің ұлттық киімдерімізді насихаттап, аналарымыз таққан орамал, кимешектердің абырой-беделін бірге көтерейік», – деген ұлт­тық киім жанашыры, «Көшпенділер кимешегі» жобасының авторы Аршагүл Тойбаева да көрмеге кимешектерін ала келген.
    Ал қазақтың сәндік қолданбалы өнерінен туған түскиіз бен сырмақ, көрпе-жастықтардың әдемі ою-өрнегі мен қанық бояуы көздің жауын алады. Қолөнермен айналысатын мектеп оқушылары кеш қонақтарын өз жұмыстарымен таныстырып, сырмақ басудың қыр-сырын көрсетті. Сонымен қатар шара барысында қарқара ораудан, орамал салудан шеберлік сыныбы өтті.
    Шара соңында орталықтың дирек­торы Аяужан Заманбекқызы ора­мал тартудан ұйымдастырыл­ған челлен­джді Жамбыл ауданының ақ жаулықты аналарына жолдады.

    Құралай МҰратқызы

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 2025 жылғы медициналық қызметті қаржыландыру мен жедел көмектегі жаңашылдықтар

    Алматы облысында 2025 жылғы медициналық қызметті қаржыландыру мен жедел көмектегі жаңашылдықтар

    4 weeks ago
    Асылдың сынығын ардақтайық

    Асылдың сынығын ардақтайық

    2 months ago
    Теңіз тамшыдан құралады немесе үңгіртастықтар қолдауы

    Теңіз тамшыдан құралады немесе үңгіртастықтар қолдауы

    1 year ago
    Көпірден секірмек болған жігітті райынан қайтарды

    Көпірден секірмек болған жігітті райынан қайтарды

    2 years ago
    Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

    Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>