-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады

    27.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    «Қарызсыз қоғам» жобасына өзгерістер енгізілді. Енді банктер мен микроқаржы ұйымдарына берешегі 90 күннен асқан азаматтар ғана аталмыш жобаға қатыса алады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.
    Екі жыл қатарынан жүзеге асқан жобада биылғы жылы өзгешеліктер бар. Бұдан былай қаржылық жағдайын жақсартуға ниетті әрбір жан бағдарламаға онлайн және оффлайн түрінде қатыса алады. Жауаптылардың сөзіне сүйенсек, биыл облыста 38 600 адамды қаржылық сауаттылыққа оқыту көзделген. Олардың 11 500-ден астамы офлайн, ал қалған 27 020 адам онлайн түрде оқудан өтпек.

    «Жоба аясында бірнеше қызмет көрсетіледі. Оның бірі «гибридті» оқыту, яғни қатысушылар 5 күн офлайн, 2 күн онлайн негізде білім алады. Бұдан бөлек, кез келген тұлғаға заңгерлік көмек көрсетілетін болады», – дейді Алматы облысы бойынша «Қарызсыз қоғам» жобасының жетекшісі Мейірман Сауранбеков.

    Жоба жетекшілерінің сөзіне сүйенсек, Бүгінгі күні Алматы облысының 5 бірдей ауданында жұмыс басталып кеткен. Атап айтсақ, Жамбыл, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай және Талғар аудандарының халқы қаржылық сауаттылыққа оқытылып жатыр.

    Қарызға белшеден батып, тығырықтан шығудың жолын іздегендер үшін «Қарызсыз қоғам» жобасы таптырмас мүмкіндікке айналған. Жауаптылардың айтуынша, өткен жылы өңірде 8 500 адамды оқыту жоспарланған, алайда сұраныс артып, 9 881 тұрғын оқып, арнайы сертификатын алып шыққан.

    «Жобаға ең көп қатысатындар әйелдер қауымы. Тыңдаушылардың жалпы санының 73,37%-ы нәзік жандылар болса, 26,63 пайызы ерлер. Сондай-ақ, былтыр жобаға үш және одан да көп несиесі бар 1400-ден астам адам қатысты», – дейді Алматы облысы Қаржы басқармасының бас маманы Асхат Бітімбек.

    Ұсынымдар

    Тіл – тұғырың

    Тіл – тұғырың

    1 year ago
    Тау-кен жұмысы тоқтатылды

    Тау-кен жұмысы тоқтатылды

    1 year ago
    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    1 year ago
    «Алтын доп» иелері Алтын адам музейін аралады

    «Алтын доп» иелері Алтын адам музейін аралады

    2 years ago
    Ақ күріш – Балқаш байлығы

    Диқандар еңбегі ақталды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>