☀️
15°C
Қонаев
Сенбі, Қазан 25, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Балабақша жұмысы жанданады

    15.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Балабақша жұмысы жанданады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Алдағы уақытта мектепке дейінгі ұйымдарда ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізіледі. Жүйенің мақсаты – білім беру сапасын арттыру, ата-аналарға балабақшаны еркін таңдау мүмкіндігін ұсыну және мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету.

    Ваучерлік жүйенің артықшылығына тоқталар болсақ, ата-аналардың баласын мемлекеттік немесе жеке балабақшаға беруді өздері таңдауына мүмкіндік береді. Бұл барлық балабақшаның балалар үшін жұмыс істеуіне және меншік нысанына қарамастан, заңнамада белгіленген талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік тапсырысқа өтініш беруіне ықпал етеді.
    Шетел тәжірибелеріне зер салсақ, АҚШ-тың бірқатар штатында ваучер тәсілі қолданылады. Ұлыбританияда жыл сайын бағдарламаға жаңадан 5 мыңға жуық адам қатысады. Ваучер тәжірибесі кейіннен кәсіптік білім беруде қолданылған. Чилиде 1981 жылы білім ваучерлері пайда болған соң жекеменшік мектепте оқитындар саны күрт артқан. 1990 жылы Чили билігі білім беру шығындарын арттырып, ваучер құнын көтерген. Колумбия мектептерінде ваучерлік бағдарламаны енгізу табысы төмен отбасылардан шыққан оқушылардың жекеменшік мектептерде білім алуына мүмкіндік бере отырып, мемлекеттік мектептерде сыныптардың толып қалуы мәселесін шешкен. 1992 жылы ваучер жүйесі енгізілген Швецияда ата-аналар баласын қалауына қарай мемлекеттік немесе жекеменшік мектепке бере алады.
    Еліміздің бірқатар облысында оң нәтиже көрсетіп отырған бұл пилоттық жобаны биылдан бастап барлық өңірде кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Ваучерлік қаржыландыру баланың балабақшаға баруы бойынша жүзеге асырылады. Қаражат балабақшаға емес, тікелей балаға бөлінген соң, мектепке дейінгі ұйымдар қызмет көрсету сапасын арттыратыны бесенеден белгілі. Олай етпесе, бала саны кеміп, мемлекеттен қаржыландыру көлемі азаяды. Ата-аналар баласын беруден бас тартқандықтан, жабылу қаупі туындайды. Бұл балабақшалар арасында әділ бәсекелестік қалыптастыруды жүзеге асыруға септігін тигізеді. Бала саны бойынша жалған ақпарат берудің жолы кесіліп, «Жалған тіркеуге» қатысты ұзақ жылғы өзекті мәселе шешімін табады. Ең бастысы, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды.

    Әсел СЫҒАЕВА,
    Райымбек аудандық
    оқу-әдістемелік орталығының әдіскері

    Ұсынымдар

    Татамидегі тартыс

    Татамидегі тартыс

    11 months ago
    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    2025 жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланады

    3 years ago
    Туған жерден нәр алған

    Туған жерден нәр алған

    10 months ago
    Көкбастаудағы күйші тойы

    Көкбастаудағы күйші тойы

    3 weeks ago
    Инвестиция: Қонаевта жоспардың 45%-дан астамы орындалды

    Инвестиция: Қонаевта жоспардың 45%-дан астамы орындалды

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>