-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ауыл дәмі – қала төрінде!

    28.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Ауыл дәмі – қала төрінде!
    0
    SHARES
    22
    VIEWS

    Қазақтың ұлттық тағамдары – халқымыздың мәдениетінің, тарихы мен дәстүрінің ажырамас бөлігі. Бүгінде оны насихаттап, ұмытылып бара жатқан дәмді қайта жаңғыртқан мейрамханалар саны артып келеді. Соның бірі – «Bauyrdaq» мейрамханасы.

    ­­Тарихы 2010 жылдан басталатын дәмхана соңғы екі жылда үлкен сұранысқа ие болып, халық жиі баратын орынға айналды. «Bauyrdaq» мейрамханасы Қонаев қаласында да бой көтеріп, тіл үйірер дәмді тағамдарды ұсынуда. Дәмханаға кірген бетте ою-өрнекпен көмкерілген кереге, қазақтың кестелі кілемі, киіз үй пішінді  аспалы шам, домбыра, қобыз сынды аспаптармен көркем үйлескен көрініс көздің жауын алады.

    – Алматыдағы «Bauyrdaq» мейрамханасына жиі баратынбыз. Тағамдары өте дәмді әрі атмосферасы да ерекше. Қонаев қаласына келгенде еуропалық стильдегі дәмханалардың көп екенін байқадық. Ұлттық нақыштағы мейрамхана облыс орталығында да болу керек деп, «Bauyrdaq»-тың франшизасын сатып алып, бірден іске кірісіп кеттік.

    Бізге келген әр қонақ өзін қара шаңырақта отырғандай сезінеді. Бұл тек тамақтанатын орын емес, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін орта. Мәзірдегі тағам атауларында қазақ тіліне ерекше акцент берілген. Мейманға қазақ тілінің маңызы мен мәнін терең сезінуіне септеседі. Әр тағам атауы халық болмысынан, әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрінен, тарихынан хабар береді. Сондықтан келушілер рухани құндылықтарымызбен де танысып қайтады. Әсіресе шетелдік туристерге еліміздің мәдениетін танытатына сенімдімін. Жақында Қонаев қаласында ресейлік әртістер Ф.Достоевкийдің «Преступление и наказание» қойылымын сахналады. Ұлттық тағамнан дәм тату үшін біздің мейрамханаға келіп, тағамдардың қатты ұнағанын айтты, олардың қалай жасалатынын, қандай мән-маңызы бар екенін біліп, қазақтың тұрмыс-тіршілігімен біршама танысты. Сондықтан ұлттық нақыштағы мейрамханалардың көп болуы – ­тек кәсіп көзі емес, еліміздің мәдениетін, тілін әлемге әйгілейтін бірден-бір жол, ­­– дейді мейрамхананың іс жүргізушісі Альфия Телманқызы.

    Мейрамхананың басты тағамы бауырдақ еліміздің шығысында кең танымал түйе бауырсақтан жасалады. Оның көлемі біршама үлкен болып келеді. Сол түйе бауырсақтың ішіне қойдың бауыры іш майымен бірге салынып дайындалады. Күнделікті жеп жүрген бургердің қазақша түрі, қазақша фаст-фуд десек болады. Онымен бірге ыстық сорпа, қымыз, айран қоса беріледі. Сүйек сорпасының құрамындағы метионин, амин қышқылы ағзадағы зиянды заттардан арылуға көмектеседі. Ал айранды «жедел жәрдем ас» деп те атайды. Қымыз бен шұбаттың да көптеген ауруға таптырмас ем екені баршаға мәлім.

    Қазақтың ұлттық тағамдарын ет, сүт және ұннан жасалатын өнімдер деп үш топқа бөлсек, «Bauyrdaq»-та оның барлығын таба аласыз. Сондай-ақ қаймақ пен шоколад қосылған бауырсақ, жент, талқан, балқаймақ сынды тәтті тағамдар да бар. Жеті түрлі дәмнен жасалатын наурызкөже тек Наурыз мерекесінде ғана емес, келушілердің жиі тапсырыс беретін сүйікті асына айналған. Қазақ қонақ күткенде міндетті түрде бас тартқан. Осыған орай «Бас тарту» атты тағам түрі бар. Одан бөлек нан салма, сірне, қуырдақ, түшпара, кеспекөже сынды ұлттық тағамның түр-түрінен дәм татуға болады.

    Меймандар да мұндағы дәм мен дәстүрдің үйлесіміне дән риза. Солардың бірі ­– Айгүл Құдайбергенова. «Қонаев қаласында ұлттық тағамдар мейрамханасының болғаны көңіл қуантады. Облыс орталығы болғанан кейін және бұл қалаға туристер көп келетіндіктен өзге ұлттың дәмханаларымен бәсекеге түсе алатын, тіпті асып түсетін ұлттық үлгідегі мейрамхананың болғаны маңызды. Бұл жаққа Семей қаласынан келдім. Онда мұндай мейрамхана жоқ. Мұндағы тағамдар өте дәмді әрі тойымды. Одан бөлек қазақы нақыштағы безендірілуінің өзі көңілге жылу, өз мәдениетіне деген шексіз құрмет сезімін сыйлайды», ­– деді ол.

    Мейрамханада сейсенбі және жұма күндері күмбірлеген домбырамен  күй шерткен өнерпаздар келушілерді әуеннің әуезді ырғағына ұйытып, керемет әсерге бөлейді.  Бүгінде «Bauyrdaq» – келушілердің көңілін  рухани азықпен де тойдырып, ұлттық мәдениетті насихаттайтын бірегей мейрамхана.

    Гүлзат БАЙҚОНЫСОВА,

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    2 years ago
    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    Антыңа адал бол, жас сарбаз!

    1 year ago
    Бюджет Қаржысы

    Бюджет Қаржысы

    8 months ago
    Үкімет Қонаев қаласының Бас жоспарын бекітті

    Үкімет Қонаев қаласының Бас жоспарын бекітті

    2 years ago
    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    Жастар неге «Tik Tok»-қа әуес?

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>