-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ептілік пен мергендік талап етілетін спорт

    11.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Ептілік пен мергендік талап етілетін спорт
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Жамбыл облысының құрметті азаматы, баскетболдан КСРО спорт шебері Бақытжан Әбдібаевты еске алуға арналған жастар арасында баскетболдан ашық облыстық турнир өтті. Сайыс Қарасай ауданындағы «Үшқоңыр» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Жарысқа Алматы облысының аудандары толық қамтылып, барлығы 70-тен аса спортшы қатысты. Жас спортшыларға мәртебелі меймандар ақжарма тілектерін жаудырды.
    Қонақтар қатарында Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов, Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ерболат Сарабеков, Кеген ауданының әкімі, Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегер Нұрбақыт Теңізбаев, Сиднейдегі Олимпиада ойындарының чемпионы, боксшы Ермахан Ибраимов, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев болды.
    «Спорт тек физикалық белсенділік емес, бұл салауатты өмір салтының кепілі. Әрбіріңіз жеңіске лайықтысыз. Қатарластарыңызға сыйлы, кіші буынға үлгі болған жақсы», – деді Париж Олимпиадасының грек-рим күресінен күміс жүлдегері Демеу Жадыраев.
    Бұқаралық спорт түрін дамытуда Жамбыл облысының құрметті азаматы Бақытжан Әбдібаевтың қосқан үлесі зор.
    «Бұл турнир дарынды спортшыны еске алу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Кезінде Бақытжан Әбдібаев Қазақстанның белді баскетболшыларының бірі, баскетболдан КСРО спорт шебері болған.
    Еліміздің ұлттық құрамасының сапында да өнер көрсеткен. Мұндай тұлғаларды жас буын үлгі тұтуы керек. Бақытжан Әбдібаев баскетболды жақсы ойнап қана қоймай, балаларды жаттықтырып, туған жері Жамбыл облысында спорттың дамуына қолдау көрсетіп, демеушілік еткен», – дейді Кеген ауданының әкімі, грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев.
    «Мұндай турнирлер жасөспірім ұлдар мен қыздардың бос уақытын салауатты өткізуіне көмектеседі. Баскетбол – ептілік пен мергендіктің, шапшаңдық пен төзімділіктің, табандылық пен тапқырлықтың ойыны. Бұл команданың тактикалық әдісін жіті жетілдіретін командалық спорт. Бүгінде орта білім беру мекемелерінде баскетбол секциялары бар. Алдағы уақытта Алматы облысының баскетбол федерациясы жастар үшін мұндай секциялар қатарын көбейтуді жоспарлап отыр»,-деп атап өтті жарыстың бас төрешісі Маским Шалаев.
    Сайыста әр команда, әр ойыншы өздігінше үздік болды. Әрбір ойыншының жеке стильі, командалық үйлесімі қалыптасқан. Жарыа нәтижесінде Қарасай ауданы, жасөспірім спорт мектебінің өкілдері жеңіске жетіп, Талғар ауданының ойыншылары 2-орынға ие болса, «Үшқоңыр» командасы үздік үштікке енді. Сондай-ақ «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында республикалық жолдардан 300-ден астам сынама алынды

    Биылғы бірқатар жолдың құрылысы басталады

    1 month ago
    Атқарылар іс ауқымды

    Атқарылар іс ауқымды

    2 years ago
    Жыршылар жарысында топ жарды

    Жыршылар жарысында топ жарды

    12 months ago
    Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады

    2 years ago
    Апат айтып келмейді

    Апат айтып келмейді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>