-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Газет – тарих тамыршысы

    25.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Баспасөз-2025
    Газет – тарих тамыршысы
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

          Газет журналистерінің оқырмандармен кездесіп, ой өрбітуі – қашаннан қалып­тасқан игі дәстүр. Міне, осы мақсатта облыстық «Алатау арайы» және «Огни Алатау» газеттерінің бас редакторлары Кеген ауданы­на арнайы барып, аурухана ұжымы­мен кездесті.

    Қос басылымның басшылары алдымен аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаевтың қабылдауында болып, өзара әріптестік жайын талқылады. Баспасөзге жазылу, таралымның азды­ғы, пошта қызметінің газет-журнал таратудағы сылбыр қимылы әңгіме арқауына айналды.
    Аудандық аурухана ғимаратында өткен жиынды аурухана директорының орынбасары Мұрат Серікұлы ашып, шараның мақсаты мен маңызына қысқаша тоқталды. Халықтың рухани сырласы – облыстық газеттерге деген медицина мамандарының көзқара­сын тілге тиек етті. Кездесу барысын­да жиын қатысушылары басылымның жүріп өткен жолы, қоғамдық пікірді қалыптастырудағы алатын орны, ғаламторға тәуелділік белең алып тұрған бүгінгі таңдағы газет-журнал, кітап сияқты құнды дүниелердің маңыздылығы, оқырмандармен арадағы байланыс төңірегінде ашық пікір алмасты.
    Алғашқы сөз тізгінін ұстаған «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Забира Дайранқызы: «Тәрбиесіз беріл­ген білім – адамзаттың қас жауы» деп Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз айтқандай, өкінішке қарай, қазір тәрбие артта қалып, технология озып кетті. Қос басылым осы олқылықтың орнын толтыруға атсалысуда. Салт-дәстүрді насихаттап, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақ­татуда жемісті еңбек етіп келеді. Екі газеттің илеп отырған пұшпағы бір. Сондықтан рухани дүниелерді басылым бетінен оқып, газетке үзбей жазылып отыр­сақ қандай ғанибет! Сол арқылы балаларымыздың оқу мәдениеті қалыптасады», – дей келе, газеттің бүгінгі таралымы жайында кеңінен хабардар етті.
    «Алатау арайы» газеті­нің бас редакторы Қуаныш Тұнғатар әріп­тесінің сөзін ары қарай жалғады.
    – Мемлекет басшысы
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқитын ұлт» бас­тамасына байланысты газет-журнал, кітап оқу үрдісін жандан­дыруымыз қажет. Осыған орай, облыс­тық екі газет үн қосып, халық­ты оқитын ұлтқа айналдыру үшін өңірлерде кездесу өткізіп келеміз. Сарап­талған, талданған, шынайы ақпараттарды, мақалаларды ұсына­тын – дәстүрлі басылымдар, ресми тіркел­ген БАҚ. Сайттардан, әлеуметтік желідегі жазбалардан газетті айрық­шалап тұратын негізгі басымдық осы. Сондықтан газеттің мәні ешқашан жойылмайды, – деді ол.
    – Айтқан сөздеріңіздің жаны бар, қазіргі кезде бәрі ұялы телефонмен жұмыс істеп жатыр, бір шетінен заманның талабы да солай болып тұр, екіншіден, бұл байланыс құралының денсаулыққа зияны да аз емес. Аутизм ауруының өршуі осы ұялы телефонның әсерінен болып жатыр ма деп ойлаймыз. Бұрынғы кезде ақпаратты газеттен ғана оқып отыратынбыз, қазір жаппай интернетті пайдаланамыз. Әрине, қағаз басылымдардың жөні бөлек. Оның мәні мен маңызын өздеріңіз тәптіштеп айттыңыздар. Біз де сол сөздерге қосы­ламыз. Сондықтан қос басылымды әрқашан қолдай­мыз, оқырманы болуға атсалысамыз. Жұмыстарыңыз­ға табыс тілеймін! – деген аудандық аурухана директорының орынбасары Мұрат Серікұлы жиынды қорытын­дылап, газет басшыларына жылы лебізін білдірді.
    Ғаламтор үстемдік құрған кезеңде де көзіқарақты оқырман газет-журналдан қол үзбек емес. Міржақып Дулатов «Қай елдің баспа­сөзі мықты болса, сол елдің болашағы зор» деген. Ал баспасөздің өміршең болуы оқырманның көптігіне тікелей байланысты. Басылымға жазылушылардың саны артып, оқыр­ман­ның әдеби талғамы биік болған сайын баспасөздің рөлі беки түсіп, тынысы кеңейе бермек. Жас ұрпақтың зерделі, ойлы болып өсуі үшін де газет-журнал, кітаптан қол үзбеу керек. Бұл ретте облыстық басылымдардың орны бөлек. Сондықтан да баспасөзге жазылуды ұмытпайық!

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті

    Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-да мерекелік іс-шара өтті

    2 years ago
    Күдеріден киім тіккен

    Күдеріден киім тіккен

    2 years ago
    ЖАДЫМЫЗДА ЖАҚСЫ АДАМ

    ЖАДЫМЫЗДА ЖАҚСЫ АДАМ

    10 months ago
    Қонаевта кең ауқымды сенбілік өтті

    Қонаевта кең ауқымды сенбілік өтті

    1 year ago
    Ақкөл ақиқаты

    Ақкөл ақиқаты

    6 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.