-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсібилікті арттырады

    19.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Кәсібилікті  арттырады
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

         Жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «AMANAT» партиясының тәжірибесін ескере отырып, «Әкімдер мектебі» оқу жобасын іске қосуды тапсырған болатын. Аталған бастама негізінде «AMANAT» партиясы мен Үкімет ауылдық округ әкімдерін оқытуға бағытталған «Әкімдер мектебі» жобасын жүзеге асыра бастады. Облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев «Әкімдер мектебі» оқыту жобасы аясында ұйымдастырылған ауылдық округ әкімдерін арнайы оқыту курсына қатысып, жергілікті әкімдік жұмысының негізгі бағыттарын айқындады.

    Ең алдымен аймақ басшысы ауылдық округ әкімдерін сайлау тәртібі өзгергеннен кейінгі жағдайларға тоқталды. Марат Елеусізұлының айтуынша, ауылдық округ әкімдерінің 67 пайызы – алғаш рет әкім болып сайланғандар. Ал, 33 пайызы – қайта сайланып, әкім атанғандар. Сондай-ақ, 124-і немесе 94 пайызын халық сайлаған. Алайда, бүгінде сайланған әкімдердің өкілеттік қызмет мерзімі кейбір аудандарда сақталмауда. Мерзімінен бұрын жұмыстан кету дерегі жылдан-жылға артуда. 2022-2024 жылдар аралығында 29 қала, ауылдық округ әкімдері өкілеттік мерзімінен бұрын жұмыстан кеткен.
    – Статистикаға сүйенсек, еліміздегі әрбір екінші ауыл әкімі төртжылдық өкілеттік мерзімін аяқтамай, лауазымын босатады екен. Өздеріңіз білетіндей, әр сайлауды өткізу үшін жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінеді. Ең бастысы, жергілікті халықтың алдында мемлекеттік басқару жүйесіне деген сеніміне дақ түседі, – деді Марат Сұлтанғазиев.
    Келесі қадамда облыс әкімі ауылдық округ әкімдеріне жүктелген міндеттер мен жергілікті әкімдіктер жұмысындағы кейбір кемшіліктерге тоқталды. Марат Елеусізұлының айтуынша, ауыл әкімдерінің өздері басқарып отырған аймақтағы жұмысы шаруашылық кітабын дұрыс жүргізуден басталады. Яғни, елдімекендегі әлеуметтік нысандар, әрбір отбасы мен шаруа қожалықтары, ондағы мал басы, құс саны туралы мәліметтерді білуі тиіс. Өткен жылғы 6 сәуірде «Мемлекеттік статистика туралы» Заңға өзгерістер енгізілгеннен кейін, Статистика депар­таменті тарапынан ауылдық округ әкімдіктерінде шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбаларына мемлекеттік бақылау жүргізілген. Тексеру барысында біршама кемшілік анықталған. Электронды шаруа­шылық кітаптар мен ветеринария саласындағы мәліметтер арасында сәйкессіздік байқалған. Сонымен қоса, азаматтардың жеке бастарына қатысты мәліметтер де дұрыс толтырылмаған. Осыған байланысты облыс басшысы ауылдық округ әкімдеріне алдағы уақытта шаруашылықтар бойынша мәліметтерді нақтылап, жүйелеу қажеттігін айтты.
    Өңірге инвестиция тарту – ең басты міндеттердің бірі. Өткен жылы облыс бойынша тартылған инвестиция көлемі 31 пайызға артып, 980,8 млрд теңгені құрағанымен, жоспарланған көрсеткіш 96,2 пайыз ғана орындалған. Ал биыл 1 трлн 352 млрд теңге инвестиция тарту жоспарланған.
    – Тұрғындары көп Жамбыл ауданының Ұзынағаш, Қарасай ауданының Жібек жолы, Ұмтыл, Ұйғыр ауданының Шонжы ауылдарында инвестициялық жобалар мүлдем іске аспаған. Сонымен қатар, барлық елдімекенде кәсіпкерліктің жаңа нысанын ашу міндеті бұрыннан қойылып келеді. Былтыр шағын және орта бизнес саласында 32 жаңа нысан іске қосылған. Балқаш, Райымбек, Ұйғыр аудандары мен Қонаев қала­сында бір нысаннан ғана құрылса, Кеген ауданы мен Алатау қаласында бұл бағытта жұмыстар жүргізілмеген. Сондықтан салық базасын ұлғайту, жаңа жұмыс орындарын құру мақ­сатында жан-жақты жұмыс істеп, ауылды аймақтарды дамытуға ниет білдірген инвесторларды, кәсіпкерлерді барынша тартуға тиіспіз, – деді Марат Сұлтанғазиев.
    Өз кезегінде аймақ басшысы ауыл шаруашылығын қолдау, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік, экологиялық мәселелер мен мемлекеттік қолдау бағдарламалары, халықпен тұрақты байланыс орнату сынды мемлекеттік қызметтің басты бағыттарында ауыл әкімдері жұртпен жүйелі жұмыс істеп, ұтымды шешімдер қабылдауы қажет екенін қадап айтты.
    – Бүгінде тұрғындар мәселені жергілікті деңгейде шеше алмаған­дықтан, өз сұрақтарына жауап алу үшін облыс әкімдігінің ғимаратына келуді әдетке айналдырған. Бұл тұста сіздер тек заңды талаптарды орындаумен шектелмей, адамдармен жұмыс істей білулеріңіз де қажет. Яғни, кездесулер барысында биылғы жылдың даму жоспары, бөлінген бюджет қаражаты, оның қандай салалар мен жобаларға бағытталғаны, нақты атқарылатын жұмыстар туралы тұрғындарға хабардар етіліп отырылуы қажет. Бұл тұрғындардың әкімдік жұмысына деген сенімін арттыруға және олардың белсенділігін ынталандыруға көмектеседі. Сондай-ақ жергілікті тұрғындармен байланыс орнату үшін әлеуметтік желілерді де тиімді пайдалана аласыздар. Түрлі платформаларда парақшалар ашып, онда жаңалықтар, хабарландырулар, мемлекеттік қолдаулар және басқа да маңызды ақпараттарды жария­лап, тұрғындардың сұрақтарына жедел жауап беруге болады. Осы орайда, ауыл тұрғындарымен ашық қарым-қатынас орнатып, олардың мұқтаждықтарын уақытында анықтап, тиімді шешімдер қабылдау қажет. Баршамыздың ортақ мақсатымыз – елдің әл-ауқатын арттыру, өмір сапасын жақсарту. Мемлекеттік саясаттың, Президентіміздің тапсырмаларының әр жерде тиянақты орындалуы ауыл әкімдеріне тікелей байланысты. Сондықтан да «Әкімдер мектебі» жобасы – әкімдердің өз міндеттерін сапалы атқаруына жағдай жасап, кәсіби деңгейін арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз, – деді облыс басшысы.
    Ұйымдастырушылардың сөзін­ше, оқыту жобасы экономика, мемле­кеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру, тәуекел-менеджмент, кәсіпкерлікті дамыту және инвес­тициялар тарту саласында 17 модуль мен 240 академиялық сағатты қамтиды. Курсқа қатысқан ауыл әкімдері аталған біліктілікті арттыру бағдарламасы ауылдық аймақтардың дамуына жаңа серпін беріп, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік ашатынына сенімді.
    – Оқу курсы ауылдардың эконо­микалық даму бағдарламаларын әзірлеу және оларды тәжірибеде қолдану әдістемесін үйретуге бағытталған. Біз мұнда өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйренеміз. Сонымен бірге түрлі мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, кешенді жобалар жасаудың жаңа тәсілдерін меңгереміз. Бұл өз кезегінде өңірлік басқару ісін оңтайландырып, жұмыс өнімділігін арттырады, – деді Талғар аудандық Кеңдала ауылдық округінің әкімі Алмас Өмірзақов.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

    Алматы облысында үздік мемлекеттік қызметкерлер марапатталды

    2 years ago
    Үкімет құрамында ауыс-түйіс болды

    Үкімет құрамында ауыс-түйіс болды

    2 years ago
    Жаңа шаһар –  өрлеу кепілі

    Жаңа шаһар – өрлеу кепілі

    4 months ago
    Кино – ең алдымен идеология

    Кино – ең алдымен идеология

    6 months ago
    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    Ұйғыр ауданында жеміс-жидек бақтарының 98%-ы үсіп кеткен

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>