-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақ халқына ризамыз

    28.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мереке
    Қазақ халқына ризамыз
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

          2015 жылы Ассамблеяның 20 жылдығын мерекелеу аясында этностардың бір-біріне және қазақ халқына алғыс білдіретін күнді жариялау туралы ұсыныс айтылды. 2016 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні болып алғаш рет аталып өтті.

    Бұл алмағайып уақытта бір үзім нанымен бөлісіп, паналатқан қазақ халқы мен тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір жандарды бұрынғыдан да жақындастыра түскені анық. Кезінде Қазақстанға күштеп қоныстандырылған этнос өкілдерін құшақ жайып қарсы алып, қонақжайлылық танытқан қазақ халқына деген алғысы шексіз. Осы орайда мереке этностар арасында достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісін үлгі етуге бағытталған. Алғыс айту күнінің негізгі мәні осындай. Дегенмен ел тұрғындарының бір-біріне және қазақ халқына алғыс білдіретін күнінде ата-анасына, туыстарына, сала мамандарына, ұстаздарына, алғыс-тілектерін арнап жатқан жандарды аз кездестірмейміз. Мұның өзі осынау мерекенің ажарын айшықтап, мәртебесін арттыра түсіп, елімізде ерекше маңызға ие екенін көрсетеді.
    Кеңес одағына Сталин басшылық жасаған кезде қазақ жеріне түрлі халықтар еркінен тыс қоныс аударылды. Вагондардан түсіріп, елдімекендерге бөліп жіберілген өзге этнос өкілдеріне қазақ халқы құшақ жайып, қамқор болды. Біздің ата-анамыз да 1944 жылы 23 ақпанда түнгі сағат 2-де жүк пойызымен Қазақстанға жөнелтіліпті. Олардың айтуынша, бұл сапар өте қорқынышты болған. Қақаған қыста адамдар аштықтан әлсіреген. Аштық пен суықтың салдарынан көз жұмғандардың денелері жол бойында пойыздан лақтырылып отырған. Әртүрлі жерлерге бөліп-бөліп жіберілгендіктен, туыстарынан адасып қалған. Көптеген жылдар бойы ағайын-туыс бір-бірін іздеумен болған. Біздің отбасымыз Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданына қоныстанған. Кейіннен Алматы облысындағы туыстарын тауып, көшіп келіпті.
    Сол аласапыран жылдардың куәгерлері бүгінде қалмады. Бірақ олардың ұрпағы қазақ халқының өздері мұқтаж бола тұра, барымен бөліскенін ұмытпайды. Жергілікті тұрғындар еріксіз қоныс аударушыларды баспанасына паналатып, киім беріп, аштықтан аман қалуына себепкер болды. Тағдырдың тәлкегіне ұшыраған шешендер мен ингуштардың қазақ жерінде дүниеге келген ұрпақтары туған жерден жырақтап, аштық пен суықтың салдарынан жақындарынан айырылудың қандай болатынын есінен шығармайды.
    Отыз жыл ішінде елеулі өзгерістерді өткерген Ассамблеяның маңайына топтасқан елдегі барлық этнос өкілдері өзінің салт-дәстүрі мен мәдениетін дамытуда. Осындай ынтымақты тірлікке әлемнің көптеген елі қол жеткізе алмай отырғанын көз көруде. Сондықтан бұл күннің астарында өзге этнос өкілдерінің қазақ халқының кең пейілі мен мейірімділігіне ризашылық білдіруі жатыр. Бұл мерекенің ел бірлігін бекемдеумен қатар әлемге үлгі болып отырған татулығымыз бен ынтымағымызды жаңа белеске жетелейтіні сөзсіз. Елдегі тұрақтылық пен тұтастықты сақтаудың мызғымас тұғырына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуымен және Алғыс айту күнімен баршаңызды құттықтаймыз! Қиын-қыстау кезде өзге этностарды бауырына басқан қазақ халқына мың алғыс айтамыз!

    Зоя МАГАМАДОВА,
    облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени
    бірлестігі төрағасының орынбасары

    Ұсынымдар

    Қонаев әкімдігі: Елдімекендер шекарасының өзгеруі халықтың тұрмысына әсер етпейді

    Қонаев әкімдігі: Елдімекендер шекарасының өзгеруі халықтың тұрмысына әсер етпейді

    2 years ago
    “Ділмәр” республикалық шешендік өнер байқауы өтті

    “Ділмәр” республикалық шешендік өнер байқауы өтті

    2 years ago
    Ақтаңдақ жылдар ақиқаты

    Тар жол мен тайғақ кешулер

    2 years ago
    Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам

    Білікті кадр даярлауға бағытталған қадам

    2 months ago
    Азиада алтынын велошабандоз еселеді

    Азиада алтынын велошабандоз еселеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>