⛅
-20°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кітап – рухани қазына

    03.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Кітап – рухани қазына
    0
    SHARES
    21
    VIEWS

        Қаскелең қаласында орналасқан балалар кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында кітап көрмесі өтті. Іс-шараның басты қатысушылары – Байжанов атындағы орта мектептің оқушылары болды.

    Кітапхана меңгерушісі Татьяна Гончаренконың айтуынша, аталған акция 2007 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан кітапханашылар қауымдастығының бастамасымен қолға алынған. Негізгі мақсаты – жас ұрпаққа қазақ әдебиетін насихаттау және кітап оқуға баулу. Биылғы акция – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің авторы, көрнекті ақын Жұмекен Нәжімеденовке және белгілі жазушы Тәкен Әлімқұловқа арналды.
    Қазақ әдебиетінің танымал тұлғаларын таныстыру барысында балалар Жұмекен Нәжімеденовтің 1935 жылы Атырау облысында дүниеге келгенін, 1956-1959 жылдары ҚазКСР мемлекеттік консерваториясында оқығанын естіп-білді. Әр жылдары «Жазушы» баспасының редакторы, «Лениншіл жас» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан Жазушылар одағының әдеби консультанты, Мемлекеттік баспаның редакторы, «Мектеп» баспасының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған. Ол көптеген шетел ақындарының шығармаларын қазақ тіліне аударған. 2010 жылы «Менің Қазақстаным» өлеңдер жинағына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді.
    Тәкен Әлімқұловтың өмірі мен шығармашылығы да балаларды қызықтырғаны анық. Ол 1918 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында дүниеге келген. 1953 жылы Горький атындағы Әдебиет институтын аяқтаған.
    Қаламгер шығармаларының негізгі тақырыбы – адамдардың тағдыры, танымал тұлғалардың өмірі, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Қаламгердің «Сапар», «Жазғы жаңбыр», «Кертолғау», «Боз жорға», «Күрең өзен» атты кітаптары кеңінен танымал. Сонымен қатар  «Өткен мен қазіргі», «Замана екпіні» сияқты әдеби-сын мақалалар жинағы да жарық көрген. Әлем әдебиетінің классикалық шығармаларын қазақ тіліне аударған.
    Танымдық кеште қос автордың туындылары балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын оятып, олардың жүрегінде жарқын із қалдырды.
    – Оқудың адам тұлғасын қалыптастыруға, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу дағдысын дамытуға ықпал ететінін, тек сөздік қорды ғана емес, баланың жан дүниесін де байытатынын атап өткім келеді, – деп қорытындылады Татьяна Александровна. – Сондықтан «Бір ел – бір кітап» акциясы біз үшін өте маңызды. Кітапхана осындай бастамалардың қолдаушысы әрі жүзеге асырушысы болғанына қуаныштымыз.

    Қуат Қайранбаев,

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

    Қарадалада жаңа цифрлық кеңсе ашылды

    3 months ago
    Мал дәрігерлері марапатталды

    Мал дәрігерлері марапатталды

    2 years ago
    Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау

    Жыл қорытындысы: құқық бұзушылыққа қарсы күресті күшейту, әйелдер мен балалар құқығын қорғау

    1 year ago
    Балалар саулығын қолдау шаралары жүйелі жүргізілуде

    Балалар саулығын қолдау шаралары жүйелі жүргізілуде

    8 months ago
    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АУЫЛДЫҚ ӨҢІРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

    «КЕЛЕШЕК МЕКТЕПТЕР» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫ: АУЫЛДЫҚ ӨҢІРЛЕР ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>