-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қорым маңы қоқысқа толы

    01.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Қорым маңы қоқысқа толы
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Түменбай ауылы – Кеген ауылынан 3-4 шақырым жерде орналасқан елдімекен. Бұл жерде күл-қоқыс төгетін орын­ның бейберекет­сіз­дігі көрген жанды бейжай қалдыр­майды. Қатты тұрмыстық қалдық үйін­ділері­нің маңы адам көргісіз. Қазылған ұра болса да, поли­этилен қапшықтар желмен ұшып, қоқыс әр жерде шашы­лып жатыр. Оған төрт түлік малдың терісін қоссаңыз, мұндағы жағдайдың қанша­лықты ушығып тұрғанын айқын аңғаруға болады. Қарама-қарсы бетінде зират тұрса, одан беріректе әйгілі Түменбай бастауы ағып жатыр.

    Зиратымыз қоқысқа көміліп, тұма бастауымыз ластанудың алдында тұр деп тұрғындар дабыл қағуда.
    – «Әруақ риза болмай, тірі байы­майды» дегенді ұмытпау керек, ол жерде марқұмдар жатқан жоқ па? Туған-туыстары бейіт басына барып, бақилық болғандарға Құран бағыш­тайды. Ал мына қоқыс тастайтын жер зираттың дәл іргесінде тұр. Қыс бойы ауыл тұрғындары тұрмыстық қалдықтардан бастап, малдың тезегіне дейін сонда төгеді. Дархан табиғаттың тамаша сыйы осылай былғанып жатыр. Былтыр көктем айында аудан әкімінен техника алдырып, өзім басы-қасында болып, қоқысты күреткізіп, тазалатқан едік. Қазір апта сайын келіп тазалап жүрмін. Одан беріректе қасиетті Түменбай бастауы бар. Ол бастаудың көзі тау етегінен, сол қоқыс тастаған жердің астынан құбыр арқылы келеді. Түменбай халқы осы бастаудан су ішіп отыр. Қоқысты ретке келтірмесе, 4-5 жылда зиратты жауып қалуы мүмкін, – деген Кеген ауылының тұрғыны Толықбай Қоқанаев жанайқайын осылай жеткізді.
    Болат Мұқажанов – Түменбай ауылының тұрғыны:
    – Бір жылдары сол маңнан халық тұрмысқа қажетті топырақ алып, қазып кеткен. Содан ел оның бетін жабамыз деп күл-қоқыстарын төге бастады. Айналып келгенде, қоқыс полигонына айналды. Пенде ғой, бала бар, шаға бар, төге салады. Арасында ары-бері өткен қойшылар да бар, – дейді.
    Осы қордаланған түйінді мәселенің күрмеуі қалай шешілуде деген сауалмен Кеген ауылының әкімі Руслан Масеновке жолыққын едік.
    – Түменбай ауылындағы тұрмыстық қатты қалдықтар төгетін орынға мем­лекеттен қаржы бөлініп, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығы, жолаушылар көлігі және авто­мобиль жолдары бөлімінің тапсыр­масымен ол жерге мемлекеттік акт жасалған. Тұрмыс қалдықтарын тастайтын полигон 2024 жылы пайда­лануға беріліп, сырты қоршалған.
    Енді ауыл маңындағы «Тай базы» деп аталатын 150 га жерді мемлекетке қайтарып алдық. Тұрғындар мал жайылымы ретінде пайдалануы үшін акт шығаруға күш салып жатырмыз. Осы сұрақтар шешілсе, Түменбай ауылының қатты қалдықтар төгетін орнын халықпен ақылдаса отырып ауыстырамыз. Қоқыс маңын тазалау үшін жуырда аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы екі адамды тұрақты жұмыспен қамтитын боламыз, – деген Руслан Кеңесжанұлы тұрғындар тазалық мәдениетін сақтауы керек екенін айта кетті.
    Иә, ауыл тұрғындары бұл мәселе құрғақ сөз жүзінде қалмай, биыл шешімін тапқанын қалайды. Мұсыл­манның қорымы таза болуы керек. Талап күшеймей, тәртіп пен тазалық болмасы тағы анық. Сондықтан ауыл тұрғындары тазалыққа мән беріп, әр істің өтеуі бар екенін естен шығармаса екен дейміз.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Кең даланы  күйімен күмбірлеткен

    Кең даланы күйімен күмбірлеткен

    4 months ago
    Талғар ауданының әкімі желіде тараған баланың бейнежазбасына жауап берді

    Талғар ауданының әкімі желіде тараған баланың бейнежазбасына жауап берді

    2 years ago
    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    Газдың әлеуметтік әділ құны белгіленеді

    2 years ago
    Радиофобиядан қалай құтыламыз?

    Радиофобиядан қалай құтыламыз?

    2 years ago

    Алматы облысының инвестициялық тартымдылығы жоғары

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>