⛅
4°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қоян-қолтық ұрыс спортынан облыс біріншілігі өтті

    03.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Қоян-қолтық ұрыс спортынан облыс біріншілігі өтті
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Қарасай ауданындағы «Нұр-Аман» спорт кешенінде қоян-қолтық ұрыстан Алматы облысының чемпионаты өтті. Алматы облысының аудандары мен Қонаев қаласынан барлығы 9 команда, 103 қатысушы бақ сынады. Турнирдің ашылу салтанатында қоян-қолтық ұрыстың қарқынды дамып келе жатқаны сөз етілді. Спортшылар шеберліктері мен техникасын көрсетуде ерекше нәтижелерге жетіп жатыр. Мәселен, 2023 және 2024 жылғы әлем чемпионаттарында ел спортшылары үздіктер қатарында көрінді.
    «Қоян-қолтық ұрыс жекпе-жек спортының қиын түрінің бірі. Өйткені, ол жекпе-жек өнерінің барлық түрінің техникалық тәсілдерін қамтиды. Жалпы, бұл спорт екі кезеңнен тұрады. Бірінші раунд – қарусыз және қарулы қарсыласпен шайқаста стандартты әдіс-тәсілдерді көрсету. Екіншісі, жауынгерлердің белгілі бір позицияларында бақыланатын соққыларды, лақтыруларды, ауыртпалық және тұншығу әдістерін қолдануға рұқсат етілген жекпе-жек. Алматы облысында бұл спорт түрі жоғары деңгейде дамып келе жатқанын айта кеткен жөн. Қазақстан бойынша көш бастап тұрмыз. 2023 жылы Астанада өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының құрамындағы ерлер мен әйелдер 9 алтын медаль жеңіп алды. Алматы облысының спортшылары көзге түсіп, 4 алтын, үш күміс және үш қола медаль алып қайтты», – деп атап өтті Алматы облысы қоян-қолтық ұрыс федерациясының президенті Қайрат Мұқанбеков.
    Ерлер 8 салмақ дәрежесінде – 57 келіден 97 келіге дейін, әйелдер 6 салмақ дәрежесінде – 45 келіден 70 келіге дейін сынға түсті. Алматы облысында бұл спорт түрінен Іле және Қарасай аудандарының өкілдері үздіктер қатарында.
    «Бұл спортпен 12 жасымнан бастап шұғылданамын. Осымен он жыл болды. Сайыста жекпе-жек бірнеше минутқа созылады. Осы уақыт ішінде жеңіске жету үшін ең тиімді әдістерді қолдану керек. Бос уақытымды толық жаттығуға арнаймын. Тыңғылықты шынығу мен жаттығулардың арқасында, бүгінде жақсы нәтижелерге жетіп жүрмін. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионымын, ТМД елдері арасындағы армиялық қоян-қолтық жекпе-жек чемпионатының екі дүркін жеңімпазымын», – дейді спорт шебері Айдын Нұриддинов.
    2025 жылдың 25 ақпанында Астанада басталатын Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысу құқығын Айдынмен қатар Әлем чемпиондары мен жүлдегерлері, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері: Қайрат Мұқанбеков, Медет Қожбанов, Бақытбек Баймұхамбетов, Тимур Шалов, Әділжан Абакри, Аман Шәкітов, Ілияс Мұхамадиев , Айдын Үмбетов, Қымбат Ахмет, Райхан Мәди, Сая Жанаева, Шынар Кенжебаева иеленді.

    Соңғы жаңалықтар

    Жарық пен шабыттың қайнар көзі
    06.03.2026
    Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні М.Мақатаев атындағы №13 орта мектеп базасында «Stop Coruption» тақырыбында жастармен кездесу өткізілді
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ ҚОСӨЗЕН АУЫЛЫНДАҒЫ №50 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ Н.ТІЛЕНДИЕВ АУЫЛЫНДАҒЫ №26 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    КОАЛИЦИЯ ӨКІЛДЕРІ БАЙСЕРКЕ АУЫЛЫНДАҒЫ №12 МЕКТЕПТІҢ ҰЖЫМЫМЕН ЖҮЗДЕСТІ
    05.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>