-13 °c
Qonaev
Monday, August 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл шаруашылығы

    КҮРТІДЕ ҚЫС ЖАЙЛЫ

    07.02.2025
    in Ауыл шаруашылығы, Барлық жаңалықтар
    КҮРТІДЕ ҚЫС ЖАЙЛЫ
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

          Биылғы қыс Күрті өңірінде жайлылық танытып, қырқа-қырқадағы, күңгей беттегі қырбық қардың бетінде біртегіс қылтиып  тұрған дала шөбі әлі де төрт түліктің талғажауына жарайтыны көрініп тұр. Қыстың алғашқы айлары шаруа қауымға жайлы болғанымен, қазір қаһарына мініп тұр. 

    «Қыстың көзі – қырауда» демекші, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Біржан Ерғалиевтің бастамасымен шалғайда жатқан қыстақтарға малшылардың көңіл-күйін біліп, мал-жан амандығын сұрау үшін барып қайттық. Өңірдегі малшы қауымның жағдайын білуге бізбен бірге Күрті ауылдық округінің әкімі Төлеген Омаров, аудандық әкімдік мамандары да барды.
    Екі топқа бөлініп, Күрті қыстағын аралауға көштік. Мал қыстауларына бас сұғып, жағдайларын сұрадық.
    Шаруа қожалық иесі Алмуда Нәсілденұлы:
    – Ел Президентінің халыққа арнаған Жолдауы мен Үндеулерінен хабардар болып отырамыз, онда атап көрсетілген міндеттерді толығымен қолдаймыз. Ауыл, мал шаруашылығын дамытуға қатысты түрлі бағдарламалар, жеңіл­діктер қарастырылып жатқанын да білеміз. Оның да игілігін көріп, шопандарға бар жағдайды жасап отырмыз. Малға дайындалған жем-шөп қоры жеткілікті. Жайылым бар. Сәл шыдасақ, қыстан да шығамыз, – деді.
    Байқағанымыздай, шопандар ел өміріндегі жаңалықтардан толық хабардар екен. Радио тыңдап, теледидар көреді. Елдегі болып жатқан жаңалықтарға құлақ түріп отырады. Облыстың, ауданның тыныс-тіршілігін қалт жібермейді.
    Шаруа қожалық иесі Нәдірбек Абылаев:
    – Ауыл шаруашылығы саласына айрықша көңіл бөлінуде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев шаруаларды қолдап, бағыт-бағдар беруде. Мал өсіріп, оның санын көбейтіп, асылдандыру қажеттігі туралы жиі айтады. Біз де мал басын өз төлі есебінен көбейтуді мақсат етудеміз. Жақында қой басын асылдандыруда гиссар қошқарларын арнайы Қырғыз елінен алып келдік. Жерсіңді, қазір мал басы асылдануда, – деді.
    Мал қыстауларының арасы онша қашық емес. «Буратышқан», «Кіндікті», «Әденжал», «Бозой» қыстақтарындағы «Данияр», «Есболат», «Қасым», «Әлихан», «Ақши дамуы», «Дәулет Бекет» шаруа қожалықтары да бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатқан. Аңшылықты бақылау қызметкерлері де жергілікті әкімдікпен бірге кыстау­ларды жиі аралап, малшылардың қал-жағдайын біліп тұрады. Қыс – қатал сыншы болса, мал қыстату – маңызды науқан. Сондықтан жем-шөп қоры жеткілікті дайындалып, қыстауларда қора-жайлар жөндеуден өткізілген.
    Қазіргі таңда округте 7459 мың мүйізді ірі қара, 2 965 мың жылқы, 5796 бас түйе, 91 763 ұсақ мал бар. Өткен жылы қолданылмай жатқан 3000 гектар жер мемлекетке қайтарылған. Қыстақтан тағы бір байқағанымыз – қарақұйрық санының артуы. Түз жануарының 15-20 шақтысы қырдан-қырға көз ілеспес жылдамдықпен орағытып өте шығады. Соңғы жылдары қарақұйрықтардың саны да артып келеді. Қазір оларға аңшылыққа қатаң тыйым салынған. «Қызыл кітапқа» енген жануарларды ату қылмыс болып саналады. Ұлы даланың төсінде еркін ойнақтаған дала еркелеріне сүйсіне қарайсың.

    Бағдат ШОЙБАС

    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Швеция мен Қазақстан өнеркәсіптік әріптестікті нығайтуда: диалогтың өзегі инновациялар, инвестициялар және тұрақты даму

    Швеция мен Қазақстан өнеркәсіптік әріптестікті нығайтуда: диалогтың өзегі инновациялар, инвестициялар және тұрақты даму

    3 months ago
    5-шағынаудан тұрғындары сенбілікке шықты

    5-шағынаудан тұрғындары сенбілікке шықты

    4 months ago
    Қонаев қаласының әкімі тағайындалды

    Қонаев қаласының әкімі тағайындалды

    1 year ago
    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    Чемпиондардың қара шаңырағы қараусыз қала ма?

    4 months ago
    Оқушылар ой жарыстырды

    Оқушылар ой жарыстырды

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>