-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сақтықта қорлық жоқ!

    10.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Сақтықта қорлық жоқ!
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Жылыту маусымындағы өрт қауіпсіздігі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Онда облыс­тық төтенше жағдайлар депар­таменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Самат Кенжехан баяндама жасады.

    Басқарма басшысының мәлім­деуінше, жылыту маусымында өрттің көп тіркелуі тұрғын үй секторында орын алуда. Биылғы жылдың сәйкес кезеңінде 237 өрт тіркеліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш төмендеген. Өкінішке қарай, 4 адам қаза тапқан.
    Осы жағдайларға байланысты облыс тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережесі және негізгі талабын сақтай отырып, өрттің туындауына себепші болатын әрекеттер мен заттарды жою қажеттігі ескертіледі. Атап айтқанда, пешті пайдалану кезінде жылыту пештерін қараусыз қалдыруға, сондай-ақ оларды қадағалауды жас балаларға тапсыруға, отын, басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы параққа қоюға, пештерді жағу үшін бензинді, керосинді, дизельдік отынды және басқа да тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға, әрі аталған отын түрлеріне арналмаған пештерді көмірмен, кокспен немесе газбен жағуға тыйым салынады.
    Брифингте Самат Кенжеханұлы бірқатар қарапайым ескертулерді де атап өтті. Мысалы, түтін мұржалары ретінде желдету немесе газ құбырларын пайдалануға болмайды, пештерден шығарылған күлді сумен өшіріп, арнайы бөлінген қауіпсіз жерге апару қажет, шатырларда түтін арналары бар мұржалар мен қабырғалар сыланған және әктелген болуы керек. Ағаштан жасалған шатырдың немесе еденнің төбелермен қосылу нүктелеріндегі пеш пен түтін мұржалары кірпіштің қалыңдығы мөлшерінде ажырату қабырғасымен бөлінуі қажет. Отынның алдындағы ағаш еденге кем дегенде 50 де 70 см-лік мөлшерде металл парақ шегеленуге тиіс. Пештің қызып кетуіне жол бермеу үшін оны күніне екі-үш рет бір жарым сағаттан артық емес уақыт қыздыру ұсынылады. Пешті жылытуды ұйықтар алдында 3 сағат бұрын тоқтату керек. Түтіннің, көміртегі тотығының және табиғи оксидтің таралуын дер кезінде анықтау үшін түтін детекторын орнату ұсынылады.
    Өрттің тағы бір орын алу себебі – тұрмыстық электр жылыту құралдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік ереже­лерінің сақталмауы. Жыл басынан бері электр жабдықтарының ақаулығы салдарынан 58 өрт оқиғасы тіркелді. Мұндай жағдай орын алмас үшін жылыту құрылғыларын пайдаланудың негізгі ережелерін есте сақтаған жөн. Ережеде көрсетілген талаптарды бұзбау үшін электр құрылғысының пайдалану нұсқаулығын зерделеу, электр сымдарының, розеткалардың, панельдердің және жылытқыштың штепсельдерінің жұмысқа жарамды­лығын жүйелі түрде тексеру, электр жылытқышты түнде қосулы қалдыр­мау және оны заттарды кептіру үшін қолданбау қажеттігі ескертіледі.
    Нөлден төмен температуралардың басталуымен желіге қосылған электр жылыту құрылғыларының саны артады, демек, электр сымдарына жүктеме көбейеді. Кейбір жағдайларда тозуына байланысты, сондай-ақ шамадан тыс жүктемемен ұзақ жұмыс істеуге байланысты оқшаулаудың бұзылуы және электрлік қысқа тұйықталу болуы ықтимал, бұл көп жағдайда өртке алып келеді.
    Есіңізде болсын, өртті сөндіруден гөрі оның алдын алу оңайырақ, сондықтан әрқашан өрт қауіпсіздігі ережелерін өзіңіз сақтаңыз және басқалардан да соны талап етіңіз. Өзіңіздің және жақындарыңыздың өміріне сақтықпен қараңыз! Төтенше жағдайда дереу 101 немесе 112 телефон нөмірлеріне хабарласыңыз!

    Бейбіт МЕКЕЕВ

    Ұсынымдар

    ҚазҰУ түлектерімен байланыс нығаяды

    ҚазҰУ түлектерімен байланыс нығаяды

    7 months ago
    Соңғы қоңырау соғыла ма?

    Соңғы қоңырау соғыла ма?

    2 months ago
    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    Заречный амбулаториясы – ауыл мақтанышы

    2 months ago
    Жеңіс тұғырында

    Жеңіс тұғырында

    10 months ago
    Көшет отырғызу- көптің ісі

    Көшет отырғызу- көптің ісі

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.