-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ТІЛ МӘДЕНИЕТІ – ЕЛ МӘДЕНИЕТІ

    Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, халқымыздың рухани байлығы, мәдени мұрасы

    24.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Құқық-заң, Мемлекеттік тіл
    Тіл тұғыры  отбасынан басталады
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Қоғамда қазақ тілінің қолданысына, әсіресе жарнамалар мен көрнекі ақпараттардағы (баннерлер,  маңдайшалар,  хабарландырулар, мекеме атаулары) сауатсыздық мәселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл тек тілдік қателер ғана емес, сонымен қатар қазақ тілінің беделіне, оның дұрыс қолданылуына деген жауапкершіліктің төмендеуін көрсетеді. Мұндай олқылықтар тіл мәдениетін сақтауға ғана емес, ұлттық болмысымызды дәріптеуге де кері әсерін тигізеді.

    Сауатсыз жазылған көрнекі ақпараттар мен жарнамалар тіл тазалығына немқұрайлы қараудың белгісі ғана емес, қоғамдағы жалпы мәдени деңгейдің көрсеткіші де болып табылады. Тіпті кейбір жарнамаларда қазақ сөздерінің мағынасы бұрмаланып, аудармадағы қателіктер салдарынан олардың түпкі мәні жоғалып жатады. Бұл жағдай қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге кедергі келтіріп қана қоймай, келешек ұрпақтың да ана тіліне деген құрметін төмендетуі мүмкін.

    Іле ауданында  тіл мәртебесін көтеру, оның қолданыс аясын кеңейту бағытында көптеген жұмыстар атқарылып келеді.

    Іле ауданы аумағында орналасқан мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердегі, сауда-саттық (дүкен, дүңгіршек, сауда үйлері т.б.), халыққа қызмет көрсету нысандарының (шаштараз, сөйлесу пункті, банк, дәмхана, мейрамхана) сыртқы және ішкі көрнекі жазуларының Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының              19, 21 – баптарына сәйкес жазылуына, билборд, перекид және көше аншлагтарының заң талаптарына сәйкес рәсімделуіне түсіндірме жұмыстары мен зерделеу жүргізіліп, кемшіліктерге жол берген нысан иелеріне заңнамалық актілердің талаптарын түсіндіріліп, әдістемелік көмек көрсетілді.

    Кент және ауылдық округ әкімдіктерінің жанынан деректемелер мен көрнекі ақпараттардың, жарнамалар мен көше аншлагтарының Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Жарнама туралы» заңдарының талаптарына сәйкестендіру мақсатында рейдтік зерделеу жүргізіліп, ауылдық округтерде анықталған заң бұзушылықтар мен кемшіліктерді арнайы бекітілген кестеге сәйкес фотосуреттерімен бірге бөлімге жіберіліп, кемшіліктерге жол берген нысан иелеріне заңнамалық актілердің талаптарын түсіндіру, әдістемелік көмек көрсетілді.

    Осы   бағытта 12 – дөңгелек үстел, 4 – әдеби кештер,  14 – рейд   жүргізіліп,  рейд  барысында  сауда  үйі, дәріхана және т.б  барлығы – 12  объект қамтылды.

    Атап айтсақ: Іле ауданы Өтеген батыр ауылдық округінің аудандық кітапханасында Алматы облысының «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мамандарымен бірлесіп қазақ тілінің құдіретін, мәртебесін ұлықтай отырып, қазақ тілінің дамуына зор үлес қосқан ұлы тұлға Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналған   «Қазақ тілі – өз тілім!» атты тұлғатану сағаты, «Қазақ тілі» қоғамы мүшелері және ауыл жастарымен «Ұлттық тілдің қуаты-ұлттық намыста» атты дөңгелек үстел, тіл саласына жауапты мамандарымен бірлесіп  «Ана тілің – арың бұл» атты әдеби кеш,     «Қазақ тілі» қоғамы және жастар орталығы мүшелерімен «Тіл татулықтың белгісі» атты дөңгелек үстел, мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, маңызын насихаттау мақсатында «Атадан жеткен асыл сөз» атты әдеби монтаж ұйымдастырылды.

    Мемлекеттік тілге деген жауапкершілікті күшейтіп, оның дұрыс қолданылуын қадағалау – баршамыздың міндетіміз.

    Қ.Будугулова,

    Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы

    бірлестігінің Алматы облысы бойынша

    Іле аудандық филиалының төрайымы

    Ұсынымдар

    Асыл ана

    Асыл ана

    3 weeks ago
    Алматы облысында 3 жаңа мектеп ашылды

    Алматы облысында 3 жаңа мектеп ашылды

    9 months ago
    Цифрлық болашақ бүгіннен басталады

    Цифрлық болашақ бүгіннен басталады

    2 months ago
    Мемлекет басшысы елде волонтерлік қызметті дамыту жолдарын ұсынды

    Мемлекет басшысы елде волонтерлік қызметті дамыту жолдарын ұсынды

    2 years ago
    ОБЪЕКТИВТІ ТАРИХ – ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ

    ОБЪЕКТИВТІ ТАРИХ – ЕЛДІКТІҢ НЕГІЗІ

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.