-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұйым жұмысы сараланды

    07.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ұйым жұмысы сараланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

       Райымбек ауданы әкім­дігінде аудандық ақсақалдар кеңесінің 2024 жылы атқарған жұмысы сараланды. Оған әр ауылдағы ақсақалдар алқасының және «Мерейлі отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрағалары, «Алатау жастары» ұйымының жетекшілері, ауыл әкімдері, мектеп директор­лары, басқа да қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Жанарбек Жақсылық ашып, жүргізіп отырды.

    Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жәмила Қоқымбаева баяндама жасап, қазыналы қарттардың өңір мәдениетін дамытуға қосқан үлесіне тоқталды. Аудандық ақсақалдар кеңесінің жаңашыл бастамалары тиісті нәтижесін беріп, ұлттық салт-дәстүрге қатысты танымдық дүниелердің наси­хат­талуына кең жол ашыла бастады. Атап айтар болсақ, аға буынның ұйымдастыруымен жас ұрпақты Отан қорғауға тәрбиелеу мақсатында жоғары сынып оқушылары арасында әскери ойындардан жарыс өткізу дәстүрге айналды. Жасыратыны жоқ, бүгінде жастардың әскери борышын өтеуден жалтарып, түрлі сылтау іздеп, әлек болуы көңілге кірбің ұялатады. Сондықтан осындай жарыстардың өткізілуі – құптарлық іс. Сол сияқты 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде сарбаздармен патриоттық бағытта кездесулер өтіп тұрады. 9 мамыр – Жеңіс мерекесіне орай соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштерге гүл шоқтарын қою, аудандық жастар ресурстық орталығымен бірлесе тыл ардагерлеріне түрлі дәрежеде көмек акцияларын ұсынады.
    Ауданда жыл сайын «Батагөй» жарысы тұрақты өткізіліп келеді. Аталған байқауда Райымбек ауданының батагөйлері қатарынан 3 мәрте бас жүлдені жеңіп алғанын айтқан жөн. Сонымен қатар қарттар шахмат пен дойбыдан да облыстық жарыстарда бақ сынап жүр. Қазыналы қарттардың жүрек қалауы, ынта-жігері, талап-тілегі арқылы іске асырылып жатқан бұдан басқа да игі істер баршылық. Аудандық ақсақалдар кеңесінің жұмысын осылайша жіпке тізген Жәмила Оразақынқызы жиналған қауымды қоғамдық ұйымның алдағы жоспарларынан хабардар етті.
    Өткен жылы облыстық арда­герлер кеңесінің бастамасымен «Асыл ана» қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. Жастар мен жасөспірімдердің тәлім-тәрбиесіне байланысты құрылған бұл қоғамдық ұйым Райымбек ауданында да кең қолдау тапқан еді. «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып Б. Соқпақбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Гүлмира Төлегенова тағайындалған. Келесі кезекте мінбеге көтерілген бірлестік төрағасы аталған ұйымның жұмыс жоспарымен таныстырды. Есепті жиын барысында «Алатау жастары» ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Данияр Ғабиден де ойларын ортаға салды.
    Сөз кезегі келгенде аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бекболат Бірбаев өңірде шешімін күткен өзекті мәселелерге тоқталды. Аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайы, жастардың жұмыспен қамтылуы, осыдан бірнеше жыл бұрын көтеріліп, әлі де созбаққа салынып келе жатқан табиғи газбен қамтамасыз етудің жай-жапсары туралы айтты. Сондай-ақ насыбай, вейп, есірткі сияқты адам өміріне қауіп төндіретін зиянды заттармен күресті күшейтуді көп болып қолға алу керектігін сөзіне тұздық етті. Сарыбастау, Қызылшекара ауылдық ақсақалдар алқасының төрағалары Мақсат Әшімбаев, Тұрсын Нүсіп, Қайнар орта мектебінің директоры Рая Утаповалар да ой-пікір ұсыныстарын білдірді. Есепті жиынды аудан әкімінің орынбасары қорытындылады.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    МЕРЕЙ ТАСЫТҚАН МЕРЕКЕ

    МЕРЕЙ ТАСЫТҚАН МЕРЕКЕ

    8 months ago
    Туберкулезбен сырқаттану деңгейі бірқалыпты

    Туберкулезбен сырқаттану деңгейі бірқалыпты

    1 year ago
    Жылыту маусымына дайынбыз ба?

    Жылыту маусымына дайынбыз ба?

    9 months ago
    Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

    Қазақстандағы туризм саласы: динамика, инвестиция және Neo Nomad Visa

    3 months ago
    Зер қадірін зергер білер

    Зер қадірін зергер білер

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>