-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үздік ұйым атанды

    28.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Үздік ұйым атанды
    0
    SHARES
    18
    VIEWS

         Алғыс айту күні қарсаңында Астана қаласында «AMANAT» партиясының респуб­ликалық үздік баста­уыш партия мен қоғам­дық қабылдау бөлмесі байқауы қорытындыланды. Елдің барлық айма­ғындағы 3700 бастауыш партия ұйымы мен 225 қоғам­дық қабылдау бөлмесі­нің өкілдері іс-шараға онлайн қатысты.

    Қазылар алқасының шешімімен Алматы облысы мен Астана, Шымкент қалаларының бастауыш партия ұйымдары үздік деп танылды. Олардың қатарында «Үздік бастауыш партия ұйымы – 2025» республикалық байқауында 1-орын иегері атанған Іле ауданының «ФИРМА БЕНТ» бастауыш партия ұйымын мақтанышпен айтамыз.
    Бастауыш партия төрағасы, белгілі кәсіпкер Дінмұхамед Кузиев: «Бұл жетістік – ұжымымыздың бірлескен еңбегінің, қоғамға жасаған адал қызметінің және ортақ мақсат жолындағы табандылығының жемісі. Бастауыш партия ұйымының жұмысы – тек ұйымдастырушылық қана емес, оған жауапкершілік, қоғаммен тығыз байланыс, халықтың сенімін ақтау сынды міндеттер кіреді. Бұл марапат – мен үшін үлкен құрмет! Әріптестеріме, серіктестеріме және қолдау білдірген баршаңызға алғыс білдіремін», – деді.
    Марапатты сонау Арқаның төрінен «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың өзі келіп табыстады. Ол өз сөзінде: «Әлеуметтік зерттеулер нәтижесіне сәйкес, партия көтеріп жүрген өзекті мәселелердің басым көпшілігі халықтың қолдауы мен сенімінен шығып отыр. «ФИРМА БЕНТ» бастауыш партия ұйымы да бұл жүкті бірлесе көтеруде. Мемлекет басшысы өзінің Жолдауы мен сөздерінде партияның рөлін айрықша атап өтті. Партия жобаларына да оң бағасын беріп жатыр. Бұл – біз үшін үлкен абырой және зор жауапкершілік», – деді.
    Бүгінгі таңда «ФИРМА «БЕНТ» – теміржол инфрақұрылымы үшін темірбетон шпалдары мен рельсті бекіткіштер шығаратын Қазақстандағы ірі зауыттың бірі. Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 800 мың шпалдан асады. Өнімнің негізгі тапсырыс берушісі – «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамы. Сондай-ақ аталмыш кәсіпорын жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық саланы үдемелі дамытуға, отандық өндірушілерді қолдауға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған «AMANAT» партиясының саясатын белсенді түрде іске асырды. Сол үшін де «Үздік бастауыш партия ұйымы» атанды.

    Бағдат ШОЙБАС
    Іле ауданы

    Ұсынымдар

    Қазақ манасшысына құрмет

    Қазақ манасшысына құрмет

    5 months ago
    “Жас өрт сөндірушілер” әскери-патриоттық сыныптары ашылды

    “Жас өрт сөндірушілер” әскери-патриоттық сыныптары ашылды

    2 years ago
    Қонаевта 121 мың шаршы метр үй салынып жатыр

    Қонаевта 121 мың шаршы метр үй салынып жатыр

    3 months ago
    Ынтымаққа бастайды

    Ынтымаққа бастайды

    8 months ago
    БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

    БАҚ өкілдеріне құрмет көрсетілді

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.