-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымақтастық нығаяды

    19.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ынтымақтастық  нығаяды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Алматы қаласы мен облысында іссапармен жүрген Қытай Халық Республикасының еліміздегі төтенше және өкілетті Елшісі Хань Чунлинь Қонаев қаласына атбасын бұрып, аймақ басшысы Марат Сұлтанғазиевтің қабылдауында болды.

    Басқосуда Марат Елеусізұлы Хань Чунлиньді Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі болып тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі. Биыл екі елдің арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 33 жыл толып отырғанын, осы уақыт аралығында барлық бағыт бойынша достық пен серіктестіктің дамығанын атап өтті.
    – Былтыр шілде айында ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары барысында электрондық коммерция, авто­мобиль өндірісі, транзиттік және көлік, логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, қаражат, туризм салалары бойынша мәселелер талқыланды. Аймақаралық ынты­мақтастықты тереңдету және мәдени-гуманитарлық байланыс­тарды кеңейту туралы сөз болды. Біздің Мемлекет басшысы Тіл және мәдениет университетінің филиалы мен Лу моншасы шеберханасының ашылуын қолдайтынын айтты, – деген аймақ басшысы Алматы облысының Қазақстан нарығын­да қытайлық инвестицияларға жолбасшы болуға дайын екенін жеткізді.
    – Аймақтың экономикасы қарқынды дамуда. 2023 жылы жалпы ішкі өнім бойынша облыс экономикасының рекордтық өсімі қамтамасыз етіліп, біздің өңір республикада 10-орыннан 5-орынға көтерілді. Достық қарым-қатынасымыздың арқасында Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы дәстүрлі түрде жоғары деңгейде қалып отыр. Соңғы 2 жыл ішінде тауар айналымы тұрақты болды. Бүгінде облыста бірлескен капи­талдың қатысуымен 143 кәсіп­орын жұмыс істейді. Қытайдан келген кәсіпкерлер үшін «Алатау» арнайы экономикалық аймағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру алаңы бола алады. Біз қытай­лық компанияларды белсенді инвестициялауға шақырамыз, – деді облыс әкімі.
    Одан әрі сөзін сабақтаған Марат Елеусізұлы облыс көлемінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық маңызды рөл атқаратынын, өңірде 302 этникалық топ өкілдерінің және Қытайда шамамен 1,5 миллионға жуық қазақ тұратынын тілге тиек етті. Сонымен бірге мамырда облыс делегациясының Шаньдун провинциясында өтетін халықаралық конференцияға қатысатынын, Шаньдун және Чжэцзян провинцияларымен ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылатынын және КСРО мен Қазақстанның Халық әртісі, композитор Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын достас елдің астанасы Пекинде атап өту жоспарланғанын айтты.
    Өз кезегінде сөз алған Хан Чунлинь Қазақстан Қытайдың Орталық Азиядағы негізгі стра­тегиялық серіктесі саналатынын, экономикалық байланысты кеңейтуге, бірлескен жобаларды қолдауға және бірқатар салаға инвес­тиция салуға дайын екенін, Қазақстанның инфрақұрылымын жаңғыртуға белсенді қатысатынын мәлімдеп, мұның екіжақты өзара іс-қимыл үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.
    Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев іске асырылған және перспективалы инвес­тициялық жобалар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Олардың үш бағытта – аграрлық секторда, өнер­кәсіп­те белсенді іске асыру және инфра­құрылым­ды жақсарту бойын­ша жүріп жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, инвесторлар үшін «Алатау» арнайы экономикалық аймағында жобалар ұсынылады. Дамыған инфрақұрылым, бизнесті қолдаудың икемді саясаты және аймақтың жоғары экономикалық өсуі қытайлық компаниялардың жұмысына толыққанды жағдай жасайды. Рустам Маратұлы сөзі­нің соңында облыс әкімдігінің екі ел арасындағы байланысты нығайтуға және ұзақ мерзімді ынты­мақтастықты қолдауға ниет­ті екенін қаперге салды.
    Кездесуде қос тарап ҚХР-мен сауда-экономикалық, инвес­тиция­лық, мәдени ынтымақ­тастықты нығайтуды және эконо­микалық бастамалар, логис­тикалық инфра­құрылымды дамыту мен өнер­кәсіптік жобаларды іске асыруды талқылады. Соңғы екі жылда Алматы облысы мен Қытай арасындағы тауар айналымы 1 млрд доллардан асып, бірлескен кәсіпорындар саны 143-ке жеткен. Осы кезеңде аспанасты елінің 11 өңіріне 4 жұмыс сапары ұйым­­дас­тырылып, 87 екіжақты кездесу өткізілген. Нәтижесінде 25 меморандумға қол қойылған. Соның арқасында 4600 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Алатау қаласының әкімі тағайындалды

    Алатау қаласының әкімі тағайындалды

    1 year ago
    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

    ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

    4 months ago
    Жаңа роман – жаңа леп

    Жаңа роман – жаңа леп

    1 year ago
    Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 138 мыңнан астам тапсырыс берді

    Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 138 мыңнан астам тапсырыс берді

    1 month ago
    Елтаңбадан еркіндік нышаны сезілсе

    Елтаңба санада жатталуы керек

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>