-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Азаматтық құқықты қамтамасыз етеді

    06.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Азаматтық құқықты қамтамасыз етеді
    0
    SHARES
    23
    VIEWS

         2005 жылдың 4-17 қыр­күйегінде Венгрияның Шиофок қаласында дүние­жүзілік сайлау ұйымдарының конференциясы өтті, оның шешімдерінің бірі Дүние­жүзілік сайлау күнін енгізу болды. Содан бері мереке жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде атап өтіледі. Бұл азаматтардың сайлауға қатысу құқығын және демо­кратия­лық азаматтық құқық­тар мен бостандықтарды құрметтеудің маңыздылығын білдіреді. Аталмыш мереке адамдардың назарын сай­лау құқығын қамтамасыз етуге және сайлау процесін жетілдіру мәселесіне аударуға, әлемдік демократияны қолдауға, сайлау туралы білімді кеңейтуге және сайлау­шылардың дауыс беруге қатысуына ықпал етуге бағыт­талған.

    Дүниежүзілік сайлау күні биыл 6 ақпанға келіп отыр. Осы атаулы күнге орай облысымыздың сайлау жүйесіне қатысты мәліметтер мен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өткенді жөн көрдік.
    Алматы облысы – сайлаушылар саны жағынан ең ірі аймақтардың бірі. Биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 1006751 сайлаушы тіркелген, 643 сайлау учаскесі бар.
    Елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау бойынша 29 бірмандаттық аумақтық округ тіркелген болса, оның екеуі – Алматы облысында. Облыстық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша – 19, аудандық, қалалық мәслихат­тар депутаттарын сайлау бойынша 190 бірмандаттық аумақтық округтер құрылған. Барлық деңгейдегі, нақтырақ айтатын болсақ, аумақтық, округтік және учаскелік комиссиялар саны – 864, онда 5616 сайлау комиссиясының мүшесі бар.
    Сайлау комиссиялары – Қазақстан Республикасында сайлауды дайындау мен өткізуді ұйымдастыратын мем­лекеттік сайлау органы. Сайлау комиссиялары­ның өкілеттіктерінің мерзімі 5 жылды құрайды. Қазіргі уақытта қызмет атқа­рып жатқан сайлау комиссия­лары 2023 жылғы желтоқсан айында жұмы­сын бастады. Сайлау комиссия­ларын қалыптастыру «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңға сәйкес мәслихат­тарға жүктелген.
    2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық аумақтық сайлау комиссия­сында 7 мүше, аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссияла­рында 3 мүшеден (комиссия төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары, комиссия хатшысы) тұрақты, кәсіби деңгейде өз қызметтерін атқаруда.
    Аумақтық сайлау комиссияларының өкілеттіктері жөнінде айта кететін болсақ, олар әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында сайлау туралы заңдардың атқарылуына бақылауды жүзеге асырады. Президенттi, Пар­ламент­тiң және мәслихаттардың депутаттарын, әкімдерді, өзге де жергі­лікті өзін-өзі басқару орган­дары­ның мүшелерін сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етеді. Аумақтық, округтік және учаскелiк сайлау комиссия­ларының қызметiне жетекшілік жасайды. Сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекарасы туралы мәліметтердің өзектілігі мен анықтығын, дауыс беруге арналған сайлаушылар тізімдерінің уақытылы әрі дұрыс жасалуын және олардың барша жұрттың танысуы үшін ұсынылуын бақылайды. Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етеді. Әкімдер сайлауын өткізеді, сондай-ақ шығып қалған депутаттардың орнына сайлау округтері бойынша сайлауды тағайындап, оның өткізілуін іске асырылады. Мәслихаттардан басқа, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды, қайта сайлауды және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлауды ұйымдастырады.Сайлау туралы заңнаманы түсіндіруді жүзеге асырып, сайлау процесіне қатысушыларды оқытуды реттейді. Саяси партиялардың өкiлдерiмен және басқа да сайлау процесіне қатысушылармен сайлауды ұйымдастыру жөнiнде семинарлар өткiзедi.
    Елімізде жүргізіліп отырған саяси реформалардың аясында 2021 жылдан бастап аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің сайлаушылары тікелей өздері сайлап келеді. Облыс бойынша 134 ауылдық, қалалық, кенттік округ бар (бұрын 136 болған, Қонаев қаласына қарасты Заречный, Іле ауданына қарасты Жетіген ауылдық округтері Алатау қаласының құрамына қосылды). 2021 жылдан бері 155 әкім сайланды, оның ішінде мерзімінен бұрын қызметінен босаған әкімдердің орындарына да өткізілген сайлаулар бар.
    Баршаға мәлім, 2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайлауы пилоттық режимде өткен болатын. Осы сайлау барысында республика бойынша 45 әкім сайланған болса, олардың қатарында Алматы облысының Жамбыл және Балқаш аудандарының әкімдері де бар.
    2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тағайындау нормасы жойылды. Ендігі кезекте барлық әкімді тұрғындар өздері сайлайтын болады. Осылайша заң саяси бәсекелестік пен азаматтық қоғамның рөлін арттыруға қызмет етпек. Жалпы, әкімдерді тікелей сайлау – азаматтардың конституциялық құқықтарын толығымен іске асыруға, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің ел алдында есеп беруін күшейтуге, халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына ден қою жеделдігін арттыруға, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын толық көлемде іске асыруға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
    «Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» Конституциялық Заңда әкімдердің сайлауын тағайындау, оларға қойылатын талаптар, әкімдікке кандидаттар ұсыну, ұсынылған кандидаттарды тіркеу, әкімдер сайлауын өткізу, сайлау қорытындыларын белгілеу және жариялау, сайланған әкімдерді тіркеу тәртіптері нақты айқындалған. Сайлау заңнамасына сәйкес әкімдердің сайлауын әзірлеу мен өткізу, сайлау қорытындысын белгілеу мәселелерімен аудандық аумақтық сайлау комиссиялары айналысады.
    Сайлау науқанын өткізу барысында сайлау комиссиялары мүшелерінің, оның ішінде сайлаушылардың тізімімен жұмыс жүргізетін, сондай-ақ дауыс беруді ұйымдастыру мен оның қорытындысын шығаруға жауапты учаскелік сайлау комиссияларының дайындықтарына үлкен көңіл бөлініп келеді. Орталық сайлау комиссиясының оқыту тұжырымдамасына сәйкес, бұл жұмыс Алматы облысында бір жүйеге қойылған. Мысалы, былтыр 36 ауылдық округі әкімдерінің сайлауын дайындап, өткізу барысында облыстық аумақтық сайлау комиссиясының тарапынан – 23, Республикалық референдум кезінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалымен бірлескен 11 дайындау-оқыту семинары ұйым­дастырылып, оларға барлығы 3000-нан астам аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты. Атқарылған дайындық жұмысының арқасында сайлау комиссиялары тарапынан айтарлықтай заңбұзушылықтар орын алған жоқ. Осы бағыттағы жұмыс 2025 жылы заңмен белгіленген өкілеттіктерінің мерзімдері аяқталатын 40 ауылдық округ әкімдерін сайлау барысында өз жалғасын табады.
    Барлық сайлауға қатысты ақпаратты облыстық және аудандық, қалалық аумақтық сайлау комиссияларының интернет парақшаларынан алуға болады.

    Мейрамгүл Айтова,
    Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы

    Ұсынымдар

    Тарихи шешім санамызды жаңғыртады – “Алтын адам”

    Тарихи шешім санамызды жаңғыртады – “Алтын адам”

    8 months ago
    Арнайы ХҚКО-ға кезекке тұрудың жаңа әдісі танымал болып келеді

    Арнайы ХҚКО-ға кезекке тұрудың жаңа әдісі танымал болып келеді

    1 year ago
    Түрік компаниясы Алматы облысында үй құрылысы комбинатына инвестиция салмақ

    Түрік компаниясы Алматы облысында үй құрылысы комбинатына инвестиция салмақ

    2 years ago
    VIII сайланған Мәжіліс депутаттары ант берді

    VIII сайланған Мәжіліс депутаттары ант берді

    2 years ago
    Іле ауданындағы сайлаушы: Болашақ депутат тындыратын шаруа шаш-етектен

    Алматы облысында сайлаушылардың 15,32 пайызы дауыс берді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>