-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жалған ақпарат жарға жығады

    07.02.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәселе
    Жалған ақпарат жарға жығады
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

        Кез келген ақпаратты оқып, ой елегінен өткі­зетін адамдардың көбі мәліметтің рас-өтірігін ажырата алмай жататыны жасырын емес. Әсіресе, апатты және төтенше жағдайлар, саяси оқиғалар кезінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған хабарламалар лезде тарайды. Күні кеше ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кеңейтілген алқа отырысында медиа кеңістіктегі жалған ақпарат мәселелерін сөз етіп, нақты деректерді саралады.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің сөзінше, өткен жылы онлайн платформалардағы 67 мыңнан астам заңсыз контент анықталып, 18 мыңнан аса материал жойылған. Өз кезегінде министр Аида Балаева жалған ақпарат пен фейк жаңалықтардың таралуы қоғамда өзекті мәселеге айналғанын атап өтіп, журналистерді жаңалықтар ағынын мұқият қадағалап, расталмаған ақпараттың таралуына жол бермеуге және заңға қайшы контент таратпауға шақырды.
    Өз сөзінде министр этносаралық және конфессияаралық қатынастарға баса назар аударды. Бүгінде елімізде 18 конфессияны білдіретін 4 мыңға жуық тіркелген діни бірлестік бар екенін айтып, ізгілік пен рухани құндылықтарды насихаттауда дін саласының орны ерекше екеніне тоқталды.
    – Бұл мәселеде заң мен тәртіп қағидасы қатаң орнауға тиіс. Сонда ғана біз бірлік пен тұрақтылықты сақтап, мемлекетімізді нығайта аламыз. Ел ішінде алауыздық туғызып, діни, этносаралық араздықты қоздыру мәселелерін болдырмау үшін жауапкершілікті күшейтуіміз керек, – деді Аида Ғалымқызы.
    Министрліктің нақты дерегіне жүгінсек, өткен жылы ұлтаралық араздықты және сепаратизмді қоздыруға ықпал ететін материалдар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған 413 факті анықталған.
    «Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды» демекші, жуырда ғана Қонаев қаласында мектеп оқушысын көпірдің астында сыныптастары соққыға жығып, жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат желі бетін шарлап кеткен болатын. Көп өтпей, желіде тараған «Оқушыны соққыға жықты» деген ақпаратқа қатысты баланың анасы видеоүндеу жасап, нақты жағдайды айтып, оның дақпырт екенін жеткізген еді. Осылайша жалған ақпарат ағынына тосқауыл қойылды. Қазіргі дамыған технология заманында айтылған ақпарат отыз рулы ел былай тұрсын, тұтас Қазақстанды шарлап, әлемді әбігерге салады. Сондықтан сараланған ақпаратқа басымдылық беру маңызды.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Кәсіптің кілтін тапқан

    Кәсіптің кілтін тапқан

    4 months ago
    Тұлға туған топырақ

    Тұлға туған топырақ

    1 year ago
    Алматы облысында вирусты «А» гепатитімен сырқаттану деңгейі жоғары

    Алматы облысында вирусты «А» гепатитімен сырқаттану деңгейі жоғары

    2 years ago
    Кезбе иттермен күрес

    Кезбе иттермен күрес

    3 months ago
    Жолдың жайын жүрген білер

    Жолдың жайын жүрген білер

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.