-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңарған кәсіпорын

    07.02.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңарған кәсіпорын
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Жуырда Қарасай ауданы­ның аумағында орналасқан ірі құрылыс материалдары мен үйге арналған тауарлар гипермаркеті «Леруа Мерлен» екі маңызды жайтты атап өтті. Ең алдымен, ашылғанына алты жыл толуын тойласа, екін­шіден ребрен­динг (брендті жа­ңарту) жұмыстарының аяқ­талуы нәтижесінде атауы «Lemana PRO» болып өзгер­тілгенін хабарлады. Осыған орай мекеме қыз­­мет­керлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен салтанатты шара өтті.

    Гипермаркет директоры Карен Нерсесянның айтуынша, «Lemana PRO» кешенінде күніне 6 мыңнан астам тұтынушыға қызмет көрсетіліп, 40 мыңнан астам тауар түрі ұсынылады. Ай сайын мұнда 150 жүк көлігі қатынап, бір миллионнан астам тауар бірлігі жеткізіледі. Сонымен қатар, олардың 16 пайызы қазақстандық өндірістен шыққанын да айта кеткен жөн.
    Гипермаркет ұжымын осы айтулы оқиғамен Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбек пен облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілі, Қарасай аудандық мәслихаты­ның депутаты Елена Константинова құттықтады. Салтанатты шарадан кейін гипермаркеттің жаңартылған сауда залдарына экскурсия ұйымдастырылды.
    Карен Нерсесянның айтуынша, ребрендингтің мақсаты – «Lemana PRO»-ны Қазақстан Республикасы аумағында құрылыс және тұрғын үй жабдықтау саласындағы жетекші компания-платформаға айналдыру. Ол өз қатарына бөлшек сауда өкілдері мен кәсіпқойларды да тартпақ. Бұл өзгерістің нәтижесінде «Lemana PRO» енді кәсіби тұтынушыларға көбірек көңіл бөлетін болады, сондай-ақ компания қызметкерлерінің әлеумет­тік-экологиялық жауапкершілігі артады. Компания атауының өзгеруі нәтижесінде ұйымдастыру шаралары мен қысқартулар жоспарланбаған. Брендтің өзгеруі гипермаркеттің ағым­­дағы жұмысына, серіктестермен қарым-қатынасқа және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасына әсер етпейді.
    Жаңа атаудың мағынасына тоқталар болсақ, француз тілінен аударғанда Le (Leader) нарық көшбасшысы, Ma (Madison) – үй, кеңістік, Na (Nature) – экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік, PRO – кәсіби құрылыс­шыларға арналған, проактивті тәсіл мен жобалық шешімдерге назар аудару дегенді білдіреді екен.
    Айта кетерлігі, «Леруа Мерлен» компаниясы Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған болса, посткеңестік кеңістікте Ресейде 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Жобаға жалпы 30 млн доллар инвестиция салынған. Біздің елде «Леруа Мерленнің» алғашқы және әзірге жалғыз гипермаркеті 2018 жылы тамызда ашылды. Ол ресейлік бизнестің бір бөлігі болып саналады. 2023 жылы француздық «Leroy Merlin» желісі ресейлік бизнесті жергілікті менеджментке беру туралы шешім қабылдады және Ресей Федерациясында оның қаржыландыруын тоқтататынын жариялады. Ресейдегі «Леруа Мерлен Восток» компаниясының 99,9 пайызы Біріккен Араб Әмірліктерінің «Scenari Holding LP» компаниясына берілді. Ал француздық «Adeo» тобы, «Леруа Мерлен» әлем бойынша иеленушісі болып қала отырып, 0,007 пайыз үлесін ғана сақтап қалды. Бұл жағдайдан соң, 2024 жылдың 18 маусымында компанияның Ресейдегі бөлімшесі жаңа «Lemana PRO» брендімен жұмысын жалғастыратынын жариялады. Осыдан кейін Қазақстанда да ребрендинг жүргізілді.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Ақпарат алаңындағы Ақтоты

    Ақпарат алаңындағы Ақтоты

    11 months ago
    Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты үндеу жолдады

    Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты үндеу жолдады

    1 year ago
    Энергетиктер еңбегі еленді

    Энергетиктер еңбегі еленді

    5 months ago
    Банк өкілдерін қабылдады

    Банк өкілдерін қабылдады

    6 months ago
    Жазғы универсиадада Қазақстан спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды

    Жазғы универсиадада Қазақстан спортшылары тағы екі медаль жеңіп алды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.